20
мінез-құлық пен жалпы əрекетін жоғарғы сапада қамтамасыз етеді.
Бұл оның гипоксияға, суыққа, тамақтың тапшылығына бұрын
байқалмайтын төзімділігін тудырады.
Жеке организм деңгейінде бейімделудің: туа болған жəне
жүре болған, жеке (даралық) жəне қауымды (түрлік), жалпы жəне
маманданған, арнайы жəне бейарнайы, ішкі жəне сыртқы, шарт-
ты жəне шартсыз, қалыпты жəне төтенше, морфологиялық жəне
физиологиялық, соматикалық жəне психикалық, т.с.с. түрлерін ажы-
ратады.
Сыртқы ортаның құбылмалы өзгерістеріне дені сау адамның
бейімделуі арнайы физиологиялық реакциялар арқылы жүзеге асы-
рылады.
Физиологиялық бейімделу деп организмнің жүйе, мүше, ұлпа
қызметтерінің белсенділігі мен олардың өзара байланысын реттеуші
механизмдердің орнықты деңгейін айтады. Мұның мəні жаңа
орта жағдайларында организмнің сақталуына, дамуына,
қалыпты
тіршілігін қамтамасыз ететін əрекеттердің қайта құрылуына келіп
тіреледі. Сонымен бірге қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларында
адамның ұзақ өмір сүруі, жұмысқа қабілеттілігінің сақталуы, ұрпақ
жаңғыртуы бейімделудің көрнекті белгілері болып саналады.
Морфологиялық бейімделудің негізін жасушалық бейімделу
түзеді. Жасушалық бейімделу деп тіршілігін сақтап қалу үшін
əртүрлі қоршаған орта жағдайларына жасушаның икемделуін ай-
тады. Ол организмдік бейімделудің бастапқы кезеңі болып санала-
ды. Жасушалық бейімделуді шамамен, генотипті жəне фенотипті
деп екіге жіктейді.
Генотипті (тектүр)
бейімделу шыдамды, берік
жасушаларды іріктеу нəтижесінде пайда болады. Ал
фенотипті
(белгітүр) бейімделу зиянды факторларға қарсы қорғаныш реакция-
сы ретінде туады. Ол тітіркендіргіштердің қарқыны мен мерзіміне
байланысты болады. Сондықтан бейімделудің ұзақтығы жəне
жасушаның төзімділігі өзгеріп отырады.
Организмнің фенотипті бейімделуін
даралық бейімделу деп
те атайды. Ол ортаның белгілі факторларына бұрын болмаған
тұрақтылықты жəне алдында шешімі қиын мақсаттарды жаңаша
шешу мүмкіндігін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Мұнда ең
əуелі осы нақтылы факторға жауапты физиологиялық жүйелер
жұмылдырылады, соңынан жалпы бейарнайы стреске қарсы жүйелер
іске қосылады.
Даралық бейімделу түрлік икемделудің құрамына
21
кіріп, оның дамуына əсер етеді. Бұл популяциялық бейімделу.
Популяциялық-түрлік бейімделу тұқымқуалаушылық арқылы жеке
организмдерге беріледі.
Жалпы бейімделу организмнің екі түрлі реакциясына бай-
ланысты болады. Біріншісінде, əсер етуші факторларды түйсіну
үшін физиологиялық реакция белсендіріледі, ал екінші түрінде,
оның факторлар əсерімен кездесуден организм қашқақтайды.
Өйткені организмнің функциялық күйіне,
жағдайына байланысты
бейімделетін факторлар жағымды немесе жағымсыз реакциялар
тудыруы ықтимал. Сондықтан көбінесе, бейімделудің мəнін толық
ұғыну оның пайда болатын жағдайларын айқындауды талап етеді.
Адамдарға төтенше факторлар əсер еткенде екі түрлі реакция
байқалады. Біреуі барабар жауап беру болса, екіншісі – абыржу
реакциясы. Барабар реакция организмнің арнайы жауаптары арқылы
төтенше факторлардың əсерін əлсіретіп немесе жойып, оның қажетті
іс-əрекетін сақтауға бағытталады. Мұндай жағдайда адам байып-
ты, мақсатты мінез көрсетеді. Оған көтеріңкі сезім күйі (эмоция)
əсер етеді. Организм реакциясының бұл түрінде талдағыштардың
сезімталдығы өзгереді,
зейін шоғырланады, қысқа мерзімдік жəне
оперативті зерде жақсарады, іс-қимылдар дəйекті жоспармен
атқарылады. Адамды қырағылық, қосымша сақтық пайда болады.
Абыржу
реакциясы
кезінде
талдағыштардың
түйсіну
табалдырығы көтеріледі, зейін шашырайды, зерденің көлемі азайып,
адамның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді. Абыржу реакциясының
активті жəне пассивті түрлері бар. Активті түрін үрей билеген
адамның мінезінен байқауға болады. Ол пайда болған жағдайдан
қашу əрекетінен басталады. Алайда, бұл мінездік көрініс қисынсыз,
орашолақ түсініксіз жағдайда байланысы жоқ қимылдардан тұрады.
Адамның эмоциялық күйі тасып, еліктеу жəне илану қасиеттері
жоғарылайды. Ал абыржу реакциясының селқос түрінде, керісінше,
белсенді қимыл тыйылады. Адам дағдарып, еркінен айрылып, есінен
танады. Ықпал еткен фактор əсерінен мелшиіп, қаша алмайды. Бүкіл
талдағыштардың сезімталдығы өте төмендейді.
Əдетте, төтенше факторларға жауаптың түрі оларды тудыратын
себептердің сипатына байланысты. Осы себептерді жағдайға бай-
ланысты сыртқы, ішкі жəне əлеуметтік деп жіктейді.
Сыртқы се-
бептер əсер етуші факторлардың күші, қарқыны, мерзімі, ырғағы,
қасиеттеріне байланысты болады. Сонымен бірге іс-əрекетті
22
ұйымдастыру сатысы, яғни жұмыс орны, мекені адамның техника-
мен қарым-қатынасы ықпал етеді. Ал əртүрлі
реакция тудыратын
ішкі себептерге адам психикасының ерекшеліктері, мінез-құлқы
жəне организмнің хал-ахуалы жатады.
Əлеуметтік себептердің ішінде іс-əрекеттің мақсатын,
адамдардың өзара қатынасын жəне талаптарын атауға бола-
ды. Осы себептердің салдарынан
организмнің қалыпты жағдайы
өзгеріп, негізгі əрекеттері зор күш салу арқылы қамтамасыз етіледі.
Сондықтан оның физиологиялық қосалқы қоры тез азаяды, тіпті,
кейде сарқылады немесе үдеріске компенсациялық механизмдердің
тиімсіз түрлері жұмылдырылады.
Алайда, организм сыртқы жəне ішкі ортаның əртүрлі фактор-
ларымен өзара əрекетінде осы белсендіру немесе тосқауылдау
механизмдерін барлық деңгейде қатар қолданады. Сөйтіп ол өзінің
бірнеше кезеңнен өтетін бейімделу үдерісін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: