Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қозғалыс актісін орындаушы мүшелердің күйіне байланыс-



Pdf көрінісі
бет72/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Қозғалыс актісін орындаушы мүшелердің күйіне байланыс-
ты бағдарламалау. Ес, орта жағдайы жəне жарыстың басталуы 
туралы қозғағыш ақпараттар сияқты факторлардың интеграциясы 
мен орталық жəне шеткі орындаушы мүшелердің функциялық күйі 
күрделі қозғалыстарды бағдарламалаудың негізі болып табылады.
Эксперименттік зерттеулер шартсыз қимыл рефлекстерінің 
тіпті, кері байланыстар болмаса да толық жүзеге асыралатынын 
көрсетті. Сонымен қатар берік қалыптасқан қарапайым шартты-
рефлекстік қозғалыстар қимыл сенсорлық жүйелермен іске асы-
рылатын кері байланыстар қатыспаса да орындалуы мүмкін. Де-
мек, бұрын жақсы бекітілген бағдарламалар бұл қозғалыстарды 
сенсорлық коррекциясыз іске асыруға мүмкіндік береді. Бірақ осы 
жағдайларда жаңа қозғалыстардың түзілуі төтенше қиын болып 
келеді. Күрделілігі жəне дəлдігі жоғары дəрежемен сипатталатын 
қозғалыс бағдарламаларының (бұған көптеген спорттық жаттығулар 
кіреді) коррекциясыз кері байланыс жолымен толығымен іске асы-
рылуы мүмкін емес. Яғни, фазалардың үнемі алмасуымен сипатта-
латын күрделі қозғалыстарды бағдарламалау қозғалыс аппараты мен 
түрлі вегетативтік жүйелердің күйі туралы ОЖЖ-не міндетті сигнал 
беруді талап етеді.


145
Қозғалыстарды өзінің қиындығы бойынша бағдарламалау əр 
спорт түрінде біркелкі емес. Бұл алдымен, қозғалыс əрекетінің 
күрделілігі дəрежесімен, екіншіден, оның жаңалық дəрежесімен, 
үшіншіден, бағдарламалаудағы уақыт ұзақтығымен байланыс-
ты. Егер қозғалыс бұрын көп рет орындалса жəне дағды жақсы 
меңгерілсе, онда тіпті, күрделі актілерді (мысалы, гимнастикада, 
лақтыру кезінде) қайталама бағдарламалау салыстырмалы жеңіл 
өтеді. Жаңа қозғалыстар кезінде, мысалы, спорттық ойындар мен 
жекпе-жектерде бағдарламалау үдерісі неғұрлым қиын болады. 
Қозғалысты орындау тиімділігі бұлшық еттер мен олардың 
қызметін қамтамасыз ететін вегетативтік мүшелердің қызметтік 
мүмкіндіктерімен қозғалыс бағдарламасының сəйкес келуін та-
лап етеді. Бағдарлама мен қозғалыстардың іс жүзінде орындалуы 
арасындағы келісімсіздік əсіресе, шеткі орындаушы мүшелердің 
(бұлшық ет, бездер, кардиореспираторлық жəне т.б. организм 
жүйелері) күйінің өзгерістері кезінде күшейе түседі. Шеткі 
мүшелердің, соның ішінде бұлшық еттің қызметтік мүмкіндіктері 
үнемі өзгерісте болады. Бұл жүйке орталықтарына лайықты 
қажетті ақпараттардың өз уақытында түсіп отыруын талап етеді. 
Сонда ғана жүйке жүйесі қозғалыс міндеттерінің тиімді орын-
далуын қамтамасыз ететін толық бағдарлама құра алады. Кейбір 
жағдайларда жаттығулардың орындалуының жеткіліксіз тиімділігі 
шеткі ақпараттардың, соның ішінде бұлшық ет күйі туралы ОЖЖ-
де бағдарламалаудың сəйкес келмеуінен де болуы мүмкін. 
Биіктен секіру, сырықпен секіру, ауырлық көтеру сияқты 
жаттығуларда жоғары нəтижелерге бірінші ретте емес, бірнеше рет 
қайталап орындаған соң жетеді. Бұл бір жағынан, бастапқы жеңілдеу 
міндеттерді шешу уақытында (төмен биіктікте, аз салмақта) жүйке 
жүйесінің шеткі бұлшық ет аппаратының іс жүзіндегі күйі туралы 
нақты ақпарат алуымен байланысты. Сондықтан кез келген күрделі 
координациялы жаттығуларды орындау алдында арнайы бой жазу 
жүйке орталықтарының орындаушы қозғалыс аппаратының күйі ту-
ралы қосымша ақпарат алуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет