Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет86/258
Дата31.01.2023
өлшемі9,2 Mb.
#63997
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   258
Байланысты:
О улы Алматы, 2014 2 аза стан Республикасы Білім ж не ылым ми

Бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы
Бұлшық ет күші оның (жуандығына) көлденеңіне байланыс-
ты болғандықтан оның артуы сол бұлшық еттердің күшінің 
өсуімен сипатталады. Денені жаттықтыру нəтижесінде бұлшық ет 
көлденеңінің ұлғаюы бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы (гр. «ги-
пер» – артық, көп, «трофос» – қоректену) деп аталады. Жоғары 
мамандандырылған ажыратылған жасуша болып табылатын 
бұлшық ет талшығы жаңа талшықтарды түзе отырып, жасушалық 
бөлінуге қабілетті емес. Қандай жағдай болса да, бұлшық ет 
жасушаларының бөлінуі орын алса, онда ол тек ерекше жағдайда 
жəне өте аз мөлшерде болады. Бұлшық ет жұмысы гипертрофиясы 
сондағы бұлшық ет талшықтарының жуандауы (көлемінің артуы) 
есебінен жүреді. Бұлшық ет талшықтарының айтарлықтай жуанда-
уы кезінде жалпы сіңірлермен «еншілес» талшықтар түзе отырып, 
олардың механикалық бойлай ыдырауы мүмкін. Күштік жаттықтыру 
үдерісінде бойлай ыдыраған талшықтар саны артады. 
Бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының: 
саркоплазмалық жəне миофибрилдік сияқты екі типін бөліп көрсе-
туге болады. Саркоплазмалық жұмыс гипертрофиясы дегеніміз 
– бұлшық ет талшықтарының көбіне саркоплазма көлемінің, яғни 
оның жиырылмайтын бөлімінің артуы есебінен жуандауы. Бұл 
тип гипертрофиясы жиырылмайтын, атап айтқанда, бұлшық ет 
талшықтары митохондриялық белоктары жəне гликоген, азотсыз 
заттар, креатинфосфат, миоглобин, т.б. сияқты метаболизмдік резерв 
мөлшерінің жоғарылауы есебінен жүреді. Жаттықтыру нəтижесінде 


168
капиллярлардың санының айтарлықтай артуы да бұлшық еттердің 
кейбір жуандауын тудыруы мүмкін. 
Саркоплазмалық гипертрофияға баяу (І) жəне жылдам тотығытын 
(ІІ-А) талшықтар неғұрлым бейім келеді. Бұл тип жұмыс гипер-
трофиясы бұлшық ет күшінің өсуіне аз ықпал етеді, бірақ есесіне 
ұзақ жұмысқа қабілеттіліктерін айтарлықтай жоғарылатады, яғни 
олардың төзімділігін арттырады.
Миофибрилдік жұмыс гипертрофиясы миофибрилдер саны 
мен көлемінің артуымен, яғни бұлшық ет талшықтарының 
меншікті-жиырылу аппаратымен байланысты. Мұнда бұлшық ет 
талшықтарында миофибрилдердің орналасу тығыздығы артады. 
Мұндай бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясы бұлшық 
еттердің максималды күшінің (МК) айтарлықтай өсуіне əкеледі. 
Жəне де бұлшық еттердің абсолюттік күші айтарлықтай артады, ал 
бірінші типті жұмыс гипертрофиясы кезінде ол мүлдем өзгермейді 
немесе тіпті, біраз төмендейді. Миофибрилді гипертрофияға жыл-
дам (ІІ-В) бұлшық ет талшықтары барынша бейім келеді. 
Бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы нақты жағдайларда 
олардың біреуі басым келетін екі аталған типтің комбинациясы 
ретінде болады. Жұмыс гипертрофиясының бірінші немесе екінші 
типінің дамуы бұлшық етті жаттықтыру сипатымен анықталады. 
Бұлшық етке салыстырмалы кішкене күш жүктемесімен əсер ету 
арқылы төзімділікті дамытатын ұзақ динамикалық жаттығулар 
ең алдымен, жұмыс гипертрофиясының бірінші типін тудыра-
ды. Көп бұлшық ет (жаттықтырылған бұлшық ет тобының МЕК-
нен 70% аса) күштенуімен жүретін жаттығулар, керісінше, жұмыс 
гипертрофиясының екінші типінің айрықша дамуына əкеледі.
Жұмыс гипертрофиясының негізіне бұлшық ет белоктарының 
қарқынды синтезі жəне аздаған ыдырауы жатады. Сəйкесінше, 
гипертрофияланған бұлшық етте ДНҚ жəне РНҚ концентрациялары 
қалыпты бұлшық етке қарағанда көп болады. Мөлшері жиырылатын 
бұлшық етте артатын креатин актин мен миозиннің синтезделуін 
күшейте отырып, осылайша бұлшық ет талшықтарының жұмыс 
гипертрофиясының дамуына əкеледі. 
Бұлшық ет массасының көлемін реттеуде, атап айтқанда, 
бұлшық ет гипертрофиясының дамуында аталық жыныс гормонда-
ры – андрогендер өте маңызды рөл атқарады. Ерлерде олар жыныс 
бездерінде жəне бүйрекүсті безінің қыртыс бөлімінде, ал əйелдерде 


169
бүйрекүсті безі қыртысында ғана өндіріледі. Осыған сəйкес ер-
лер организмдерінде əйелдерге қарағанда андрогендер мөлшері 
көп. Бұлшық ет массасының ұлғаюындағы андрогендердің рөлі 
келесідей көрінеді. Бұлшық ет массасының жасқа байланысты да-
муы андрогендер гормондардың өндірілуінің ұлғаюымен қатар 
жүреді. Бірінші елеулі көзге түсетіндей бұлшық ет талшықтарының 
жуандауы андрогендердің түзілуі күшейетін 6-7 жаста байқалады. 
Жыныстық жетілу басталуымен ұлдарда 11-15 жаста жəне одан 
кейінгі кезеңдерде де жалғасатын бұлшық ет массасының қарқынды 
өсуі басталады. Қыздарда бұлшық ет массасының дамуы негізінен 
жыныстық жетілу кезеңінде тоқталады. Мектеп жасында бұлшық ет 
күшінің өсуі де осыған сəйкес сипатта болады. 
Тіпті, күш көрсеткіштерін дене өлшемімен коррекциялаудан 
кейін де күштік көрсеткіштер ересек əйелдерде ерлерге қарағанда 
төмен болады. Сонымен қатар егер əйелдерде кейбір сырқаттар 
нəтижесінде бүйрекүсті бездердің андрогендер бөлуі күшейе түссе, 
жақсы дамыған бұлшық ет рельефі пайда болады, бұлшық ет күші 
артады.
Жануарларға жүргізілген тəжірибелерде андрогендік гормондар 
(анаболик) препараттарын енгізу бұлшық ет белоктары синтезінің 
айтарлықтай 
интенсификациясын 
тудыратыны 
дəлелденген. 
Нəтижесінде жаттықтырылған бұлшық ет массасы жəне олардың 
күші артқан. Сонымен бірге қаңқа бұлшық ет жұмыс гипертрофиясы 
андрогендік жəне басқа гормондардың (өсу гормондары, инсулин, 
тиреоидты гормондар) қатысуынсыз да жүруі мүмкін.
Басқа жаттықтыру түрлері сияқты күштік жаттықтыру да 
бұлшық еттердегі жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының 
екі негізгі типтерінің арақатынасын өзгертпейді. Сонымен қатар 
ол жылдам гликолиздік (ЖГ) талшықтар пайызын арттыра жəне 
сəйкесінше жылдам тотығу-гликолиздік талшықтар (ЖТГ) пайы-
зын азайта отырып, екі жылдам талшықтар түрінің арақатынасын 
өзгертуге қабілетті келеді. Мұнда күштік жаттықтыру нəтижесінде 
баяу тотығатын талшықтарға (БТ) қарағанда жылдам бұлшық ет 
талшықтарының гипертрофия дəрежесі айтарлықтай жоғары. Ал 
төзімділікке жаттықтыру гипертрофияға бірінші кезекте баяу 
талшықтарды əкеледі. Бұл айырмашылықтар бұлшық ет талшықтары 
жұмыс гипертрофиясының дəрежесі олардың жаттықтыру 
үдерісіне тартылу шамасымен қатар оның гипертрофияға ұшырау 
қабілеттілігіне де тəуелді екенін көрсетеді. 


170
Күштік жаттықтыру жылдам бұлшық ет талшықтары сияқты 
баяу бұлшық ет талшықтары да қатысатын қайталана максималды 
немесе оған жуық бұлшық ет жиырылуының салыстырмалы аз са-
нымен байланысты. Бірақ аз қайталаудың өзі жылдам талшықтардың 
жұмыс гипертрофиясының дамуы үшін жеткілікті. Бұл жыл-
дам талшықтардың баяу талшықтармен салыстырғанда жұмыс 
гипертрофиясының дамуына аса бейім екенін көрсетеді. Бұлшық 
еттердегі жылдам талшықтардың жоғары пайызы бағытталған 
күштік жаттықтыру кезіндегі бұлшық ет күшінің айтарлықтай өсуі 
үшін маңызды алғышарты болып табылады. Сондықтан бұлшық 
еттеріндегі жылдам талшықтардың пайызы жоғары болатын адамдар 
күш пен қуаттылықты дамыту үшін неғұрлым жоғары потенциалдық 
мүмкіндіктерге ие.
Төзімділікке жаттықтыру салыстырмалы аз күшті бұлшық 
ет жиырылуының қайталануының көп болуымен байланысты. 
Бұл негізінен баяу бұлшық ет талшықтарының белсенділігімен 
қамтамасыз етіледі. Сондықтан жылдам, əсіресе, жылдам гликолиздік 
талшықтардың гипертрофиясымен салыстырғанда осы жаттықтыру 
түрінде баяу бұлшық ет талшықтарының жұмыс гипертрофиясының 
неғұрлым айқын көрінуі түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет