Қуаттылықтың жылдамдықтық компоненті. Ньютонның
2-заңына сəйкес неғұрлым массаға жұмсалған күш көп болған са-
йын соғұрлым сол масса қозғалатын жылдамдық жоғары болады.
Осылайша бұлшық ет жиырылу күші қозғалыстың жылдамдығына
ықпал етеді: неғұрлым күш көп болса, соғұрлым қозғалыс жылдам
болады.
48-сурет. Жаттықтырудың əртүрлі əдістері кезінде «күш-жылдамдық»
тəуелділік өзгерісі (А) мен күш моментінің салыстырмалы өзгерістері (Ə)
(Д. Ю. Бравая, Я. М. Коц бойынша):
0º/с – изометриялық жаттықтыру, 40 º/с жəне 160 º/с - көрсетілген
қозғалыс жылдамдығымен изокинетикалық жаттықтыру
Қысқа қашықтыққа жүгіру жылдамдығы екі факторларға:
1. Жылдамдықты арттыру өлшеміне (жылдамдық екпініне);
2. Максималды жылдамдыққа байланысты.
174
Бірінші фактор спортшының жүгіру жылдамдығын қаншалықты
тез арттыратынын анықтайды. Бұл фактор қысқа біртұтам
арақашықтыққа (10-15 метр) жүгіруде, дененің бір қалыптан басқаға
максималды тез орын ауыстыруын талап ететін спорттық ойын
түрлерінде айтарлықтай маңызды. Неғұрлым ұзақ арақашықтыққа
жүгіруде жылдамдықты арттыру өлшеміне қарағанда максималды
жүгіру жылдамдығы аса маңызды. Егер спортшыда жылдамдықтың
көрінуінің екі түрінің де жоғары деңгейі болса, ол оған қысқа
қашықтыққа жүгіруде үлкен артықшылық береді.
Жүгіру жылдамдығының осы екі факторы бір-бірімен тығыз бай-
ланыста емес. Бір спортшыларға баяу жылдамдықты арттыру тəн,
бірақ олар жоғары максималды жылдамдыққа ие. Ал басқаларда,
керісінше, тез жылдамдық арттыру жəне салыстырмалы көп емес
максималды жылдамдық болады.
Қуаттылықтың жылдамдықтық компонентін жоғарылатудың
маңызды механизмдерінің біріне бұлшық ет жылдамдықты жиыры-
лу қасиетінің артуы жатады, басқаға бұлшық ет жұмысының коор-
динациясын жақсарту болып табылады.
Бұлшық еттің жылдамдықты жиырылу қасиеті айтарлықтай
дəрежеде жылдам жəне баяу бұлшық ет талшықтарының
арақатынасына тəуелді. Жылдамдықты-күштік спорт түрлерінің ай-
тулы өкілдерінде, əсіресе, қысқа қашықтыққа жүгірушілерде спорт-
пен шұғылданбайтындарға, тіптен, төзімділікке жаттығатын айтулы
спортшыларға қарағанда жылдам бұлшық ет талшықтарының пайы-
зы айтарлықтай жоғары.
Бұлшық ет ішілік жəне бұлшық ет аралық координация да
қозғалыс жылдамдығының (қуаттылықтың) артуына мүмкіндік
туғызады, себебі жоғары жылдамдықпен сыртқы кедергіден өте
отырып, бұлшық ет координациялық жұмысы кезінде олардың күш
салуы серіктеседі. Атап айтқанда, жақсы бұлшық ет аралық коор-
динация кезінде бір бұлшық еттің (немесе бұлшық ет тобының)
жиырылуға күш салуы басқа бұлшық еттердің (немесе бұлшық
еттер тобының) алдындағы күш салумен жасалған жылдамдық
шыңына жақсы сəйкес келеді. Сəйкесінше, келесі күш салу неғұрлым
тиімдірек болады. Антагонист бұлшық еттер босаңсу дəрежесі мен
жылдамдығы қозғалыс жылдамдығына ықпал ететін маңызды фак-
тор болуы мүмкін. Егер қозғалыс жылдамдығын арттыру керек бол-
са, жаттықтыру жаттығуларында қолданатын жылдамдыққа тең не-
175
месе одан асатын арнайы қозғалыстарды (жарыс жаттығуларындағы
сияқты) жаттықтыру сабақтарында орындау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |