166
№2 зертханалық-практикалық жұмыс
МЕМБРАНАЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН
ЗЕРТТЕУ. ОСМОСТЫ
ЖӘНЕ
ДИФФУЗИЯНЫ
БАҚЫЛАУ
Жұмыстың мақсаты: тірі және өлі мембраналарды салыстыру,
жасушаға судың осмостық келуін айқындау.
Материалдар және жабдықтар: микроскоптар, іреуіш инелер,
скальпельдер, пышақ, төсеніш және жабын шынылар, NaCl қаныққан
ерітіндісі, 50% этанол ерітіндісі, спирт шамдары, штативтері бар шыны
түтіктер, шыны түтіктерге арналған ұстағыштар, өлшеуіш цилиндр.
Өсімдік объектілері: қызылшаның тамыр жемісі, түйінді пияздың
баданасы (антоцианмен).
Жұмысқа арналған түсіндірме
Тірі және өлі мембраналар. Қызылшаның тамыр жемісінің
жасушыларының бояуы жасуша сөлінің құрамындағы бетацианиннің
пигментімен шартталған, ол үшін тонопласт өткізбейтін болып
табылады. Сыртқы ортаға түсу үшін пигмент мембрананың жартылай
өткізетін жасушалары арқылы өтуі тиіс. Вакуольдан бетацианиннің
ортаға
диффузиясы
мембрананы
зақымдайтын
және
оның
өткізгіштігінің өзгерісін тудыратын түрлі
физикалық және химиялық
әрекеті кезінде байқалады. Сыртқы ерітіндіні бояу қарқындылығы
бойынша жасушалы мембраналардың өткізгіштігін бұзу туралы
жорамалдайды: жасушалар өлгеннен кейін тонопласт жартылай
өткізгіштік қасиетін жоғалтады, өткізушіге айналады.
Осмос, осмостық жүйе, осмостық қысым. Жасушаның мем-
браналары жартылай өткізгіштік қасиетке ие, яғни су мен еріген
заттарды бірдей емес жылдамдықпен өткізеді. Еріткіштің ерітіндіге
жартылай өткізетін мембрана арқылы өздігінен өтуі
осмос деп аталады.
Су қозғалысының бағыты мембрананың екі жағы бойынша еріген
заттардың концентрациясына байланысты болады.
Жетілген өсімдік жасушасында
құрамында органикалық және
минералды заттардың су ерітіндісімен үлкен вакуоль бар. Жасуша
сөлінде мұндай заттардың концентрациясы және олардың диссоциация
деңгейі жасушаның потенциалды
осмостық қысымын – оның суды
барынша сіңіру қабілетін анықтайды. Жасушада заттардың
концентрациясы
неғұрлым жоғары болса, соғұрлым жасушаның суды
сіңірудің потенциалды қабілеті жоғары, яғни осмостық қысым жоғары
болады.
Осмостық қысым туралы айта отырып, оның әрқашан емес, ал тек
167
2-сур. Плазмолиздің түрлері:
1 — бұрыштық;
2 — ойыс;
3 — дөңес
ерітінді — жартылай өткізетін аралық — еріткіш
осмостық жүйесінде
ғана айқындалатынын есте сақтау қажет.
Стақанға құйылатын ерітінді осмостық қысымды көрсетпейді.
Осмостық жүйеде жоғары осмостық қысымы бар ерітіндіні
гипертониялық, төмен осмостық қысыммен –
гипотониялық ерітінділер
деп атайды. Бірдей осмостық қысымы бар ерітінділерді
изотониялық
ерітінділер деп атайды. Жасуша гипотониялық ерітіндіге батқан кезде
жасушаға су
сіңеді, жасуша гипертониялық ерітіндіге батқан кезде су
жасушадан шығады – бұл көбінесе жасуша сөлінің әлсіз байланысқан
суы. Судың жоғалуы нәтижесінде вакуольдың көлемі кемиді және
өзімен бірге цитоплазманы тартады, ал жасуша қабығы орнында қалады.
Жасушаның гипертониялық ерітіндіге батуы кезінде судың жоғалуы
нәтижесінде протопласттың жасуша қабырғасынан артта
қалу процесі
плазмолизм деп аталады (7-сур. қар. түс. қос.).
Бұл ретте цитоплазма мен жасуша қабырғасының арасында алдымен
сыртқы ерітіндімен толтырылатын шағын кеңістік пайда болады, ал
кейін протопласт бірнеше жерде жасуша қабырғасынан дараланады
(бұрыштық плазмолиз, 2-сур.).
Келесі кезеңде протопласттың жасуша
қабырғасымен жанасу ауданы
қысқарады және протопласт ойыс пішінді қабылдайды –
ойыс
плазмолиз. Протопласт жасуша қабырғасын тиюді қойғаннан кейін ол
домалық-сопақ пішінді қабылдайды –
дөңес плазмолиз. Осы жасуша таза
тұщы суға (гипотониялық ерітіндіге) батқан кезде су жасушаға келіп,
деплазмолиз атты кері процесті бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: