Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»


  Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу



Pdf көрінісі
бет96/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

169 
Жұмыстың нәтижелерін ресімдеу 
1. 
Кестені толтырыңыз, тірі және өлі мембраналар, осмос пен 
диффузияны жүзеге асыру жағдайлары туралы қорытынды жасаңыз. 
2. 
Микропрепараттан плазмолиздің түрлі пішіндерінің суретін 
салыңыз және сурет астында жазулар жазыңыз. Жасушадан судың шығу 
және жасушаға судың келу себептері туралы қорытынды жасаңыз. 
Бақылау сұрақтар 
1. 
Тәжірибенің түрлі нұсқаларында су бояуының пайда болуының 
бірдей емес жылдамдығын немен түсіндіруге болады? 
2. 
Қызылшаның жас және мұздатылған өлшемі бойынша екі бірдей 
кесектерін бірдей су мөлшеріне салдық. Осы тіндердің сумен өзара 
әрекет етуінде сыртқы белгілер бойынша қандай да бір айырмашылық 
көрінеді ме? 
3. 
Таза стақан судың көмегімен қарбыз балдырының құрамында 
артық нитраттың бар болуын қалай анықтауға болады? 
4. 
Неге 
кесілген 
гүлдерді 
минералды 
тыңайтқыштардың 
қойылтылған ерітіндісіне қоюға болмайды? 
5. 
Жаңа кесілген раушангүлдерді аздап қант қосылған суға қойдық. 
Берілген осмостық жүйеде судың бағытын көрсетіңіз, өз жауабыңызды 
дәлелдеңіз. 
6. 
Неге кесілген гүлдерді түнде таза суға қояды? Жауапты 
жасушаларда болатын осмостық құбылыстардың позициясынан 
дәлелдеңіз. 
№3 зертханалық-практикалық жұмыс
МЕТАМОРФОЗДАРДЫ
ЖӘНЕ
ӨРКЕНДЕРДІ
АНЫҚТАУ
Жұмыстың 
мақсаты: 
өркендер 
мен 
жапырақтар 
метаморфоздарының алуан түрлерімен танысу, олардың тегін (өркенді, 
жапырақты) анықтауды үйрену. 
Материалдар және жабдықтар: стереоскоптық микроскоптар 
(бинокулярлар), іреуіш инелер, кішкентай қысқыштар. 
Өсімдік объектілері: түйінді пияздың баданасы (Allium cepa); 
қамысгүлдің түйнекбаданасы (Gladiolus); бидайықтың (Elytrigia) немесе 
қырлышөптің (Polygonatum) тамыр сабағы, балшатырдың (Pulmonaria 
ob- scura) немесе еуропалық құсықшөптің (Asarum europaeum) тамыр 
сабағы;


170 
долананың (Crataegus) және тікенектері бар бөріқарақаттың (Berberis) 
өркендері; жайылма иістішөптің (Ajuga reptans) немесе жасыл 
қойбүлдіргеннің (Fragaria viridis) өзгерген өркені; картоптың түйнегі 
(Solanum tuberosum); бөлме өсімдіктері: циссус (Cissus), қасқыржем 
(Asparagus), понтий кірпішөбінің өркендері (Ruscus ponticus). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет