Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет93/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Жұмысты орындау тәртібі 
1. Бір тамшы сумен төсеніш шыны дайындаңыз. 
2. Қызыл түйінді пияздың жуашығының етті қабыршағынан 
скальпельмен шағын тілімді (шамамен 1 см
2
) кесіп алыңыз. Сыртқы 
(дөңес) жағынан кішкентай қысқышпен немесе инемен күлгін үлпегін 
(эпидерманы) шешіп алыңыз. Дайындалған тамшыға салыңыз және 
төсеніш шынымен жабыңыз. 
3. Болмашы есеге (х8) үлкейткен кезде ең лайықты: аз зақымдалған, 
қатпарларсыз мен көпіршіктерсіз учаскені табыңыз. Микроскопты көп 
есе үлкейту (х20) позициясына аударыңыз. 
4. Бір жасушаны зерттеңіз және суретін салыңыз. Ұсақ тесіктері бар 
қабықты, цитоплазма қабырғасының қабатын, ядрошықтары бар 
ядроны, жасуша сөлі бар вакуольды белгілеңіз.
5. Келесі препаратты дайындау үшін піскен жемістің (итмұрынның, 
шетеннің, қызанақтың, долананың) шағын балдыр кесегін алыңыз, оны 
төсеніш шыныға тамшы суға салыңыз. Іреуіш иненің көмегімен 
жемістің кесегін тамшы суда «сұйық ботқа» күйіне дейін жақсы 
араластырыңыз және жабын шынымен жабыңыз. 


165 
6. Болмашы есеге (х8) үлкейткен кезде еркін жатқан жасушаларды 
табыңыз және көп есеге (х20) үлкейту кезінде оларды зерттеңіз. 
7. Зерттелетін объектілердің жасушаларын пішіні бойынша әр түрлі 
хромопласттармен суретін салыңыз, жасуша қабығын, ядроны және 
хромопласттарды көрсетіңіз. 
8. Өркеннің басына жақын орналасқан канадалық элодеяның 
жапырағын жұлып алыңыз. 
9. Жапырақты элодея бар сауыттан алынған су тамшысына, төсеніш 
шыныға қойыңыз және жабын шынымен жабыңыз. 
10. Орталық талшықтың жанында орналасқан жасушаларды 
қараңыз, қозғалатын хлоропласттарды тауып алыңыз. 
11. Хлоропласттары бар жасушаның суретін салыңыз және суретте 
олардың қозғалыс бағытын көрсетіңіз. 
12. Бөлме 
температурасының 
суында 
және 
жылы 
суда 
хлоропласттардың қозғалыс жылдамдығын салыстырыңыз. Этил 
спиртін қосқан кезде хлоропласттардың қозғалыс жылдамдығы қалай 
өзгерітінін бақылаңыз. 
13. Микропрепараттарды жарық көзінің қасына 5 минутқа қойыңыз, 
жоғары жарықтылық жағдайында жасушадағы хлоропласттар қалай 
орын ауыстыратынын бақылаңыз. 
14. Микропрепараттарды қараңғыда 5 минутқа қалдырыңыз, 
жасушада хлоропласттардың орналасуын бақылаңыз (3-сур. қар., түс. 
қос.). 
15. а) қараңғыда тұрған,б) жарықта тұрған хлоропласттардың 
элодея жасушаларында орналасқан суретін салыңыз; 
16. Өсімдік жасушалары құрылымының ерекшеліктері, түрлі 
факторлардың әсерінен цитоплазма қозғалысының жылдамдығына 
байланысты әр түрлі өсімдіктер хромопласттарының түрлі пішіндері 
туралы қорытынды жасаңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет