қоршағандардан өте қатты жасыруға
тырысады.
Кестенiң
Жалғасы
3. Ерте балалық
шақ (3-5 жас
шамасында)
Қызығушылық
жəне
белсенділік. Қоршаған ортаны
қызыға зерттеп,
бейнелерді
елестету, ересектерге еліктеу,
түрлі рольдерге қосылу.
Пассивтілік жəне адамдарға мəн
бермеу. Инициативаның болмауы,
салбыр болу, басқа балалардан
қызғану, ұсыныстардан бас тарту,
рольдерге қосылу белгісінің жоқтығы.
4. Орта балалық
шақ (5 пен 11
жас аралығы)
Еңбекті
сүю.
Мойнына
жүктелген
парызды
сезіну,
табыстарға ұмтылу. Танымдық
жəне коммуникативті білім мен
əдеттердің дамуы. Өз алдына
шынайы мақсат қойып, оған
жетуге
тырысу.
Инструменттерде
ойнауды
белсенді меңгеру, шешімдер
қабылдау.
Өзін өзі кемсіту. Əлсіз дамыған еңбек
ету қимылдары. Күрделі тапсырманы
орындаудан,
басқалармен жарысудан
бас тарту. “Дауыл алдындағы” немесе
жыныстық жетілу кезеңі алдындағы
тыныштық
сезімі.
Біреуге
бағынушылық.
Түрлі
есептерді
шешкенде жұмысы зая кететіндей
сезіну.
5. Жыныстық
жетілу,
жеткіншек жасы
жəне
бозбалалық (11
мен 20 жас
аралығы)
Өз
болашағын
анықтау.
Уақытша перспективаның –
болашаққа жоспардың дамуы.
Қандай болу? Кім болу? деген
сұрақтарға жауап іздестіру.
Білім алу, үйрену. Тұлғааралық
тəртіп
формаларындағы
жыныстық
ерекшеліктер.
Дүниеге
көзқарастың
қалыптасуы.
Құрбылар
арасында лидер болу, қажет
болса оларға бағыну.
Рольдердің
шатасуы.
Уақытша
перспективалардың ығысуы жəне
араласуы: болашақ пен осы шақ
туралы ғана емес, өткен шақ туралы да
ойлардың
пайда
болуы.
Рухани
күштерді өзін өзі тануға жұмсау,
сыртқы əлем, қоршаған адамдармен
қарым-қатынас орнатудың орнына
өзін өзі түсінуге тырысу. Еңбек
белсенділігін жоғалту. Жыныстық
айырмашылықты
көрсететін
рольдердің ауысуы,
лидер болуға
ұмтылмау. Мораль мен дүниеге
көзқарастың шатасуы.
6. Ерте ересек
шақ (20 мен 45
жас аралығы)
Адамдарға жақын тарту, оларға
көмектесуге тырысу. Бала сүйіп,
оларды тəрбиелеу, махаббат
пен жұмыс. Жеке бас өмірімен
қанағаттану.
Адамдардан оқшаулану, олардан қашу,
əсіресе
жақындардан,
олармен
жыныстық қатынасқа түсуден қашу.
Мінездің ауыр болуы, адамдарды
таңдамай араласу, болжамға келмейтін
əрекеттер жасау. Мойындамау,
оқшаулану, əлем
қауіптерге толы-мыс
деген ойлардың əсерінен психика
ауытқуының, жан дүниесі күйзелуінің
алғашқы белгілері.
7. Орта ересек
шақ (40-45 жəне
60 жас аралығы)
Шығармашылық. Өзімен өзі
жəне басқа адамдармен өнімді
жəне
шығармашылық
жұмыстар жүргізу. Толық
құнды, əр қилы өмір.
Отбасылық қатынастармен
қанағаттану, өз балалары үшін
риза болу. Жаңа ұрпақты
үйрету жəне тəрбиелеу.
Тоқтап қалу. Эгоизм жəне эгоцентризм.
Жұмыстың өнімсіздігі. Ерте мүгедек
болу. Үнемі өзіне кешірімді болып, тек
өзіне ғана күтім жасау.
Кестенің
жалғасы
8. Кеш ересек
шақ (60 жастан
жоғары)
Өмірдің түрлі оқиғаларға бай
болуы. Үнемі өткенді ойлап,
оған саналы баға беру. Өткен
өмірді өз күйінде қабылдау,
оның
пайдасын
түсіну.
Тағдырдың жазғанына көну
қабілеті. Өлім қорқынышты
емес екендігін ұғыну.
Үміт үзу.
Өмір босқа өткен деп, уақыт
аз қалғандығын, ол өте тез өтуде деп
ойлау. Өмір сүруді мағынасыз деп
түсіну, өз күшіне, басқаға деген
сенімнің жоғалуы. Қайта өмір сүруді
тілеу, бұрын алғаннан да көбірек
нəрсені қажет ету. Əлемде тəртіп
жоқтығын, жаман, санасыз
бастаманың көптігін сезіну. Жақындап
келе жатқан өлімнен қорқу.
Əлеуметтену процесі адамдардың қарым-қатынасқа түсуімен жəне бірлесіп əрекет
етуімен тығыз байланысты. Əлеуметтік тəжірибені меңгеру субъективті: бірдей
əлеуметтік жағдайлар əр түрлі болып қабылдануы мүмкін. Түрлі тұлғалар объективті
бірдей жағдайлардан сан алуан əлеуметтік тəжірибе алады, бұл
индивидуалдану
процесінің негізі.
Əлеуметтену жəне тұлғаның қалыптасу процестері арнайы əлеуметтік институттар
шебінде, мысалы, мектепте, жəне түрлі формалды емес бірлестіктерде жүзеге
асырылады. Тұлға əлеуметтенуінің маңызды институттарының бірі - жанұя. Отбасында,
жақын адамдардың арасында адам тұлғасының негіздері қаланады.
Адамның тұлға
негіздері 3 жасқа дейін қаланады деген түсінікті кездестіруге болады. Бұл жас
кезеңінде адамның психикалық процестері ғана дамып қоймай, ол өмірдің соңына дейін
бойында сақталатын алғашқы тəжірибе мен өзін өзі ұстау тəрбиесін алады.
Əлеуметтенудің реттелетін, мақсатқа бағытталған сипатымен қоса реттелмейтін,
стихиялық сипаты да бар екендігін айта кеткен жөн. Əлеуметтенуді бір уақыттағы
мақсатқа бағытталған жəне реттелмейтін процесс ретінде түсіндіру үшін А.А.Реан
келесідей мысал келтіреді. Мектепте өтетін сабақ кезінде оқушы сабақтың материалын,
əлеуметтік ережелерді меңгеріп қана қоймай, ұстаз үшін “кездейсоқ” болып көрінетін
нəрселермен өзінің əлеуметтік тəжірибесін байытады. Бұл тəжірибе позитивті де,
негативті де болуы мүмкін.
Тəрбие беру барысында ата-ана мен педагогтың өз алдарына қоятын мақсаттары:
баланың тəрбиесін қалыптастырып, оны əлеуметтік ортада өмір сүруге даярлау, ол үшін
белгілі қадамдар жасау.
Психологияда əлеуметтеуді біріншілік жəне екіншілік деп ажыратады. Екіншілік
əлеуметтену еңбекті бөлісумен жəне оған сай білімнің таралуымен байланысты. Адам
еңбек етудегі өзінің ролін түсіне бастайды. Б.Г.Ананьевтың концепциясы бойынша
əлеуметтену екі бағыты бар
процесс ретінде қарастырылған, ол адамның тұлға ретінде
жəне əрекет субъектісі ретінде қалыптасуын білдіреді. Мұндай əлеуметтенудің соңғы
мақсаты – индивидуалдылықты қалыптастыру. Бұл жерде индивидуалдылық деп нақты
тұлғаның даму процесін түсіну керек.
Əлеуметтенумен бір уақытта өтетін процесс – инкультурация. Егер əлеуметтену
дегеніміз əлеуметтік тəжірибені меңгеру болса, инкультурация дегеніміз индивидтің
жалпы адамзаттық мəдениетті, тарихи қалыптасқан əрекеттер жолын игеру процесі. Ол
əрекеттерде түрлі даму кезеңдеріндегі адам əрекетінің рухани жəне материалдық
өнімдері жинақталған. Бұл процестер бір-бірінен қалып қоюы мүмкін. Адам
мəдениетті табыспен игерсе оның əлеуметтік тəжірибесі жеткілікті деп айту дұрыс емес
жəне керсінше.
Тұлға дамуы теориясының негізгі мəселелерінің бірі - тұлғаның өзін -өзі өзектендіру
(самоактуализация). Ересек тұлға өзін өзі дамытуы тиісті деп саналады. Өзін өзі
дамыту жəне өзін- өзі өзектендіру идеясы адам туралы көптеген қазіргі заман
концепциялары үшін маңызды болып қалып отыр. Мысалы, ол гуманистік
психологияда жəне акмеологияда басты орынды алады.
Тұлға дамуының мəселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып
табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көптеген зерттеушілердің ойынша тұлға
дамуынынң қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішіндегі маңызды
орын алатыны - өзін өзі дамыту қажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға
ұмтылу деген
сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі əлеуметтік статус алу
маңыздырақ.
Келесі мəселе - тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дəрежесі. Көптеген тұлға
теорияларының негізіндегі тұжырым - тұлға əлеуметтік-психологиялық феномен ретінде
негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дəрежесі
əрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның
қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.
Алайда, бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі.
Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ: адамның жүріс-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты
тұрақты жəне неде?
И.С.Конның ойы бойынша бұл теориялық сұрақта əрқайсысы бөлек қарастырылатын
жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, біз ненің тұрақтылығы жайлы əңгіме
қозғап отырмыз- жүріс-тұрыс, өзін - өзі ұстаудың ба əлде психикалық процестердің,
тұлғаның қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиеттердің
тұрақтылығы мен өзгергіштігінің индикаторы не? Ол қасиеттер тұрақты жəне өзгермелі
екендігін көрсететін уақыт көлемң қандай? Осы уақытқа дейін жүргізіліп келе жатқан
зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың
нəтижелері де əртүрлі. Мысалы, үнемі тұрақты болуы тиісті
деп саналатын тұлғаның
қырлары тұрақты емес болып шыққан. Кейде тіпті бір адамның бойындағы қасиеттердің
көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен.
Ал лонгитюдті зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дəрежесі бар деп көрсетеді,
мұндай тұрақтылықтың өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл
жүргізілген осындай зерттеулердің бірінде 100 адам белгілі тұлғалық
сипаттамаларының жиыны бойынша бағаланған. Олар алғашқы рет орта мектеп
жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас
шамасында тексерілген.
Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың
тұлғалық сипаттамаларының 58
%
-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізілген
зерттеулердің нəтижесі тұлғалық сипаттамалардың 31
%
- ы сақталатынын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: