Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет145/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   162
Әсем Ережеқызы – 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы 
(бұрынғы семей облысы, Шұбартау ауданы), Байқошқар ауылында туған. 
Шәкәрім атындағы сму-нің филология факультетін бітірген (2001). се-
мей мемлекеттік педагогикалық институтының магистратурасын тәмамдаған 
(2005). Шәкәрім атындағы сму-де оқытушы (2001-2004), семей мемлекеттік 
педагогикалық институтында ғылыми қызметкер (2004-2008) болып еңбек еткен. 
Қазіргі таңда л.н. гумилев атындағы еұу-де баспасөз хатшысы қызметін атқарады.
республикалық, халықаралық айтыстардың бірнеше мәрте жүлдегері. Жаз-
ба өлеңдері 2000 жылдан республикалық «Қазақ әдебиеті», «Жұлдыз» басылым-
дарында жарық көріп келеді. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. 
моңғолия қазақ жастары одағының «Көшбасшы» алтын жұлдызының иегері.
Мұхтар Ниязов – 1985 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында туған. 
Қорқыт Ата атындағы Қму-нің түлегі. 2009 жылдың наурызынан бастап «Ақ 
сөйле!» ақындар бірлестігінің басшысы. 
2004 жылы Астана қаласында өткен Vі Халықаралық «Шабыт» жастар 
шығармашылығы фестивалінің поэзия номинациясы бойынша дипломанты.
орал қаласында өткен сырым датұлының 265 жылдығына арналған (2008), 
Байқоңыр қаласында «Байқоңырдан ғарышқа» атты ғарыш айлағының 55 жылдығына 
арналған (2010), Ақтау қаласында ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына (2011), Ал-
маты қаласында «төртеу түгел болса...» атты ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына 
(2011), «Біздің ел осындай» атты елордада тәуелсіздіктің 21 жылдығына арналған 
республикалық ақындар айтыстарының (2012) бас жүлделерін жеңіп алған. 
«Алтын домбыра» иегері (2012).
Бекарыс Шойбеков – 1976 жылы оңтүстік Қазақстан облысы, отырар ауданы, 
отырар ауылында туған. Қ.А. Яасауи атындағы ХҚту-нің түрік тілі мен әдебиеті 
пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген (1997). осы университеттің ма-
гистратурасын (1999) және аспирантурасын (2001) тәмамдаған.
еңбек жолын 1999 жылы осы университеттің «Аударма орталығында» аудар-
машы болып бастады. «Халықаралық қатынастар» бөлімінің басшысы, түркология 
ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері болып еңбек еткен. 2009 жыл-
дан «өнер мектебі» мКҚК директоры. 
республикалық, Халықаралық дәрежеде өткен көптеген айтыстардың жеңімпазы. 
«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан республикасының 
тәуелсіздігіне 20 жыл», «облысқа сіңірген еңбегі үшін» медальдарының иегері. оты-
рар ауданы және түркістан қаласының Құрметті азаматы. 
«дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері. Қазақстан республикасының 
мәдениет қайраткері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет