Айтыс VI том


Мысқал /араб/ – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі.  Науат



Pdf көрінісі
бет153/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162
Мысқал /араб/ – жиырма бес грамға тең салмақ өлшемі. 
Науат – балқыта қайнатып қатырылған мұз түсті қант. 
Нән – үлкен, дәу, қомақты.
Өлтірі – қалыңдықтың үйіне күйеу жағы әкелетін ең алғашқы дәстүрлі кәде, 
құдайы мал. 
Патент – сауда жасауға немесе белгілі бір кәсіп қылуға құқық беретін куәлік. 
Пітір /араб/ – ораза айында жан амандығына шүкірлік ретінде берілетін садақа.
Сақар – алабота шөбінің күлінен қайнатылған сабын.
Самаурын /орыс/ – шәй қайнатуға арналған, оттығы ішкі жағында орналасқан 
металл ыдыс.
Сарабдал – әбден ысылған, кәнігі.


388
Қазақ өнерінің антологиясы
Сарқыт – жақсы қасиеттері жұғысты болсын деп ырымдап жейтін үлкен 
кісілерден қалған тағам.
Сарыүйек – сары түсті үлкен улы жылан.
Сахаба /араб/ – мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың ислам дінін таратқан кезіндегі 
дос, жолдас серіктері, пайғамбарды көзімен көрген, естіген, онымен тілдескен жандар. 
Сыған – халық (тегі мен тілі ортақ этн. топ). үндіжерортатеңіздік нәсілге жа-
тады. Алыпсатарлық, бал ашу, қайыр-садақа сұраумен айналысады. Жер шарының 
барлық құрлықтарына таралған. 
Сіргежияр – күздігүні бие ағытардың алдында ең соңғы қымызға көрші-
қолаңды шақыру кәдесі. 
Талқы теріні керіп, созып, иін қандыра жұмсартатын ағаш аспап.
Тарамыс – малдың жіліншік сіңірлерін кептіріп, соның талшықтарынан 
ширатқан, етік және тағы басқаларды тігетін мықты жіп.
«Тауқұдірет» – Жамбыл Жабаев ақын орынбай таймановты осылай атаған 
деседі.
Төрт кітап – Құран Кәрімде білдірілген кітаптар. олар – зәбур, тәурат, інжіл, 
Құран. мұсылман қауымы бұл төрт кітапты Алла тарапынан адам баласына тура 
жолды көрсету үшін жіберілген деп біледі.
Тәмпіш мұрны келте, қысқа келген адам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет