382
Қазақ өнерінің антологиясы
«Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен наградталған.
Мейірбек Сұлтанхан – 1993 жылы Қызылорда облысы,
Шиелі ауданында
дүниеге келген.
«Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «оттан да ыстық – отаным»
атты облыстық ақындар айтысының, Кеңес одағының Батыры т.Көмекбаевтың 110
жылдық мерейтойына арналған «сыр қыраны» атты облыстық ақындар айтысының
бас жүлдегері.
Ақмола облысы, Ақкөл ауданының 80 жылдық мерейтойына байланысты өткен
республикалық айтыста, талдықорған қаласында өткен «Жыр алыбы – Жамбыл» атты
республикалық жас ақындар айтысында (2009), Астана күніне орай өткен дәстүрлі
республикалық ақындар айтысында үздік өнер көрсетіп, жеңімпаз болған.
Қазіргі таңда л.н. гумилев атындағы еұу студенті.
Серікзат Дүйсенғазин – 1974 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы,
тарбағатай ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Құу-нің филология факультетін
бітірген (1999).осы университет жанындағы студенттер
клубы директорының
орынбасары, директоры (1999-2001), ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы
директорының орынбасары (2001-2002) болып еңбек еткен. 2002 жылдан л.н. гу-
милев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасында ұстаздық жолда. Филология
факультеті деканының орынбасары (2006-2011) қызметін атқарды. университет жа-
нынан құрылған «топжарған» жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі.
1990 жылдан бері айтысқа қатысып келеді. төлеу Көбдіковтің 130 жылдығына
(2004), «Қорғалжын – құтты мекенім» тақырыбына (2006), Жамбыл Жабаевтың 165
жылдығына арналған (2011) республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Қытай,
Қырғызстан, Армения, Әзірбайжан елдерінде қазақтың
айтыс өнерін насихаттап,
өнер көрсеткен.
Жазба поэзияның өкілі ретінде де республикаға танылған ақын. өлеңдері «Жа-
лын», «Парасат» журналдарында, «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ» газеттерінде жа-
рияланып тұрады.
«Халық поэзиясы және ғабдіман игенсартов мұрасы» (2007) ғылыми
монографиясының, «Шетел әдебиетінің тарихы» атты оқулықтың авторы. «наурыз
айтысы» (2003), «Қазіргі айтыс» үш томдық жинағы (2004), «Астана көшелерінің
атаулары» (2006), «Бізге де сөйлер кез келер» (2009) жинақтарының құрастырушысы.
л.н. гумилев атындағы еұу қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, филология
ғылымдарының кандидаты (2006).
Достарыңызбен бөлісу: