«Ақжол» – Қазақстанның саяси партиясы. 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген.
«Алжир» («Акмолинский лагерь жен изменников родины») – сталиндік
тоталитарлық жүйе кезінде «халық жаулары» саналып, саяси қуғын-сүргінге
ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, шаруашылық, партия-кеңес
басшыларының әйелдері мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола
облысындағы лагерь. Астана қаласының оңт. батысында, төңкеріс (малиновка) елді
мекенінде 1937 жылдың 5 тамызында құрылып, 1950 жылдың басында таратылған.
Артек – халықаралық балалар орталығы, гурзуф (украина) қаласының жанында
1925 жылдың құрылған. 1991 жылы Кеңес одағы ыдыраған соң лагердің мәртебесі
түсіп, қазір балалардың дем алатын орны болып есептеледі.
Аттандау – дабыл қағу, ұран салу.
Атеизм – /француз/ – табиғаттан тыс күштерге сенуді жоққа шығаратын-
көзқарастар жүйесі, бүкіл дін атаулыны жоққа шығару.
Әбілхаят – мәңгі өмір дарытатын қасиетті су. мұндағы әб - су, хаят - өмір деген
мағынаны білдіреді. оны Қызыр пайғамбар тапқан, ол суды ішкен мәңгі өмір сүреді
деген әпсана бар.
Бақи /араб/ – мәңгі, өмірлік, ана дүние, о дүние.
Батпан – салмағы 4 пен 16, кейде 12 пұтқа дейін ауырлықты білдіретін өлшем.
Бәдік – тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе
малды емдеу мақсатында айтылған.
Бұт /қырғыз/ – аяқ деген мағына білдіреді.
«Дарын» – Қазақстан республикасы үкіметінің дарынды жастарға тағайындаған
мемлекеттік сыйлығы. ол 1992 жылдан бастап жасы 35-тен аспаған, қоғамдық-
әлеуметтік, мәдени қызметтерімен халыққа танылған, дарынды жастарға 2 жылда
бір рет беріліп келеді.
«Еңлік-Кебек» – екі жастың махаббатын жыр ететін шығарма. ХVIII ғасырдан
бастап ел арасына кең тараған. Бүгінгі күнде дастанның екі нұсқасы белгілі.
Жалбыз – саздауыт жерде өсетін хош иісті дәрілік, тағамдық, сәндік өсімдік.
Жамбы – сыйлыққа жүретін әртүрлі формада қорытылып құйылған кесек ал-
тын немесе күміс құйма.