Айтыс VI том


Жауырыншы – жауырынға қарап бал ашатын балгер. Жаһіл



Pdf көрінісі
бет152/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162
Жауырыншы – жауырынға қарап бал ашатын балгер.
Жаһіл – Алланаң үкімінен, хақтығынан бейхабар; білімсіз, надан.
Жент – тары жармасынан, үгітілген ірімшіктен қант, май қосып жасалатын 
ұлттық тағам.
Жерік – екіқабат әйелдің белгілі бір тағам түріне аңсары аууы, құмарлануы.
Зәузат – үрім-бұтақ, өрен-жаран, әулет, тұқым, ұрпақ, жұрағат.
«Карлаг» – Қарағанды облысы аумағында 1931-1956 жылдары аралығында 
жұмыс істеген еңбекпен түзеу лагері. социализм құрудың сталиндік бағдарламасын 
жүзеге асыру үшін тұтқындардың тегін еңбегін жаппай пайдалану мақсатында 
құрылған.
Кеще – мешеу, тоғышар адам.
Күшала – шаянот тұқымдасына жататын улы түйнекті көпжылдық шөптесін 
өсімдік.
Кісікиік – жұртпен араласпай, өзімен-өзі томаға тұйық, саяқ жүретін адам.
Қанжілік – жылқы малының аяғына күш түсіп, зорығуы.
Қашыр – бие мен есек айғырының шағылысуынан туған мал.
Қомыз, (комуз) – қырғыз халқының ішекті шертпелі музыкалық аспабы. 
Көбең – жылқы малының көктемде бос жіберіліп, қоңданып, тойына бастаған 
кезі.
Құндақ – баланы бесікке салғанға дейінгі ораған бөлеуі, жөргекке оралған 
қалпы.
Қысырақ – үйірге қосылмағандықтан қысыр қалып құлындамаған байтал не бие.
Мәйек /иран/ – жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайда-
ланылатын іріткіш зат.
Мәмлүк /араб/ – ортағасырлық мысырдағы түркі және Кавказ халықтары 
өкілдерінен шыққан жауынгер-құлдарды осылай атаған. Араб тілінен аударғанда 
“құл” деген мағынаны білдіреді.
Мәңгүрт – тарихи жадынан, тілі мен дінінен, ділінен айырылған ұлтсызданған 
адам. 
Миссионер /француз/ – басқа діндегілер арасына өз дінін уағыздау үшін жібері-
летін, әлбетте христиан, католик, будда дініндегі адам. 
«Мұңлық-Зарлық» – шығыс әдебиеті негізінде нәзирагөйлік дәстүрінде 
жазылған лиро эпостық жыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет