Дәулеткерей:
Байқасам Баянғали жүлделi екен,
Ақ бозын Ағыбайдың мiнген екен.
Әрине, барыңды сап айтып жатсаң,
Айтысы хан Кененiң күнде ме екен?
Жиырма бесте жалындап сөз айтайын,
тiркестер келмесiншi тiлге бөтен.
Ағамыз елдiң жайын айтып жатыр,
есiне бiрдемелер кiрген екен.
57
Айтыс VI том
сен менi наурызбай деп тани алсаң,
Ақылың дариядай iргелi екен.
Кешегi хан Кенелер елiм үшiн,
Бiлегiне қалқанын iлген екен.
тар кезеңде табаны тайқып кетiп,
Алауыздық танытқан кiмдер екен?
Хан Кенедей көтерiп мәртебеңдi,
Жүректегi шоғыңды үрлеп өтем.
Атамыздан дарыған ақ батадай,
сенi жауға тастамай бiрге кетем.
тiлеуi Алашыңның ақ болып тұр,
Көкшетау, басыңызға бақ қонып тұр.
Хан Кененiң тойында ақ жүрекпен,
Патшаңыз қадам басып тап келiп тұр.
Қымсынбай, Баян аға, қамшы басып,
Iнiңдi iргеңдегi ақкөбiк қыл.
өлi разы болмай тiрi байымайды,
Бабалар жүзiмiзден шат көрiп тұр.
Ханның басын сыйласаң, қалың елiм,
сiздердi Құдай сыйлар сәт келiп тұр.
Айтыстың ақ қамбасын ақтарғасын,
Ағасы, тiл сүрiнiп, жақ талмасын.
мен ұстазбын, аяғын анық басқан,
Шәкiртке тәлiм берiп жатқан басым.
өйткенi, ұстаздығым – ата кәсiп,
Әрiден үрдiс болып сақталғасын.
Бәйгеден, Баян аға, көрiнiңiз,
Бағың мен бабың бiрдей бапталғасын.
Көкшеде көкжал ақын өзiң едiң,
Айтыста алмас тiлiң қақталғасын.
Әмiрiңе сенiң мен бағынбаспын,
Қадiрiме жетпесең, қапталдасым.
Баянғали:
сөз айтамыз халыққа,
екеуiмiз де жылдам боп.
Бұл ағаңыз, бiлесiз –
сен сияқты iнiнi,
Беттен, сiрә, ұрған жоқ.
58
Қазақ өнерінің антологиясы
Ақыл айт деп өзiңiз,
Келiп тұрған алдыма,
Қадiрiң бiлмей бұл ағаң.
Әй, шырағым, бiлiп қой,
Әмiр берiп тұрған жоқ.
Бәкеңнiң елiне айтар жыры бар-ды,
Ашылар талай-талай сыры бар-ды.
Ақбозын Ағыбайдың мiнiп едiм,
Құттықтар дәл осындай iнi бар-ды.
Ағайын ақ боз атты мiнгенiме,
Қуанып айтып жатыр, тiлi балды.
Бiр қызды мiнгiзем деп кеше мен де,
Пәленi сау басыма қылып алдым.
Жеңешең оқтауменен қуалап бір,
Ақыры бәрiнен де құры қалдым.
Аяғында қыз да жоқ, келiншек жоқ,
екi шал, екi кемпiр мiнiп алды.
Жырымды ел-жұртыма шашып жүрем,
Әрдайым ақ жүрекпен ашық жүрем.
Ағыбайдың ақ бозын аямаймын,
Шал-кемпiрдiң барлығын тасып жүрем.
Айналайын, ағайын,
Айтыс дейтiн тамаша.
Болмасын де бұл жерде,
Батырлардың егесi.
Болсын дейiк бұл айтыс,
Жақсылардың кеңесi.
Айналайын, шырағым,
түр-тұрпатын қарасам,
Кешегi өткен наурызбай –
дәулеткерей елесi.
наурызбай – жер-жаhанның жолбарысы,
Бөлек екен ел үшiн толғанысы.
оң қолында төрт кiсi күшi бопты,
найзаны бөлек екен қолданысы.
Ақырған алты Алаштың арыстаны,
Кененiң қысылғанда қолғабысы.
59
Айтыс VI том
Жарқылдап жиырма бес-ақ жасында өлген,
есенгелдi, саржан мен Қасым да өлген.
Құтыларға болса да мүмкiндiгi,
ел үшiн Кенесары басын берген.
Қай бастық басын беред халық үшiн,
осы күнi көп сөйлеп, қасын керген?
дұшпанмен халық үшiн алысқанда,
Бөтен ой болмаған ғой арыстанда.
Әдiлет, ақиқатқа жүгiнер деп,
Хат жазды Кенесары орыстарға:
“Жаhанға жетсе дағы күшiң, – дептi,
Жер-суды атамыздан қалған бiзге,
тартып ап, жасап тұрсың қысым, – дептi.
Халқымды бөтен жұрттың езгiсiнен
Құтқару – менiң ұлы iсiм, – дептi.
түйiндi семсерменен кесейiн бе?
Ақиқат, ақылменен шешейiн бе?
Қор болып бодандықта өтейiн бе,
Алысып азаттыққа жетейiн бе?
өздерiң қайтер едiң басқа бiр жұрт,
Басып ап билiк құрса ресейiңде?”
Кененiң кемеңгерлiк бұл сұрағы,
Әлi тұр аз ұлттардың көкейiнде.
Ағылшын, қытай, орыс, араб болсын,
мейлi ғой, қайсы құрлық болса дағы,
Астамсыған жұрттарға сабақ болсын.
Алпауыттар әрдайым тұрады өрлеп,
Аз халықтың тағдырын қылады ермек.
мемлекет теңдiгi жоқ елдер барда,
Кенекеңдей күрескерлер шыға бермек.
Халықтың теңдiгi үшiн, елдiгi үшiн,
Аждаhадай ашылған аранына,
Көк найзасын әрдайым тыға бермек.
Айналайын, ағайын,
Ақындарың тынбасын,
Кеңiнен бүгiн толғансын,
дәулеткерей iнiмен
екеумiздi, ағайын,
Көкте Құдай жар болып,
60
Қазақ өнерінің антологиясы
Жерде халқым қолдасын.
Айналайын, шырағым,
ұстазбын деп отырсың,
Шәкiрттерiң жақсы боп,
Кенесары, наурызбай,
Батырлардың кешегi,
Жолын алға жалғасын.
саған дағы тiлегiм –
наурызбайдай бола бер.
наурызбайдай тек қана,
Жасың қысқа болмасын.
Достарыңызбен бөлісу: |