64
Қазақ өнерінің антологиясы
Азат елім тұғырың мызғымасын,
Қазақы ердің қасындай шалдар шапқан.
сұраған бір Алладан ері медет,
ежелден көрерменсің көңілі ерек.
Құттықтап
ұлы жеңіс мамырменен,
тілеймін бейбіт өмір еліме бек.
тасжарған азаттықтың ақ қайнары,
Жайғастым Алматының төріне кеп.
уағалейкүмассалам мұхамеджан,
өзіңе іні болып көрінер ек.
Біз болғасын түлеген бір ордадан,
Жүректерге жұп гүл боп егілер ек.
Айтыстың алшаң басқан Алшағыры,
Жарасар мақтасам да сені не деп.
мені
биік самғатқан алтын тұғыр,
Алатау алғысым бар өзіңе көп.
Қазму-ым сен дегенде сөзім басқа,
Құдай үйген төбенің жөні бөлек.
сен едің айтыстағы көне бүркіт,
енші ғып ел мен жұртқа берерің құт.
сәтті күні табыссақ сахнада,
Қалмаспыз өрелі елден өлең іркіп.
Айшылық аламанда алқынбайтын,
тұлпарсың
тесік өкпе, төмен ұршық.
сөз мергені, айтыстың көз мергені,
нысанадан көрмеген жебең үркіп.
Қапталдасып келген соң қарсы қарап,
мен емес сескенетін сенен үркіп.
Арқа мен Алатау боп кездескенде,
тамырлансын текті жер терең ілкіп.
Астана,
Алматы боп шыққанменен,
Қайтеміз ала қойды бөле қырқып.
сұңқардай сіз едіңіз қырағы жан,
ешкімнің сүрінбеген сынағынан.
Пайғамбардың атына жан қосылып,
есіміңнің өзінен шығады мән.
Қай жерде жүрсең-дағы бар халықты,
Қандырасың өлеңнің бұлағынан.
65
Айтыс VI том
Жүргізіп «Жұма күнгі жүздесуді»,
Журналист боп жарылдың бір ағыңнан.
Президент
оркестрі жұмысқа алды,
ұстаған соң көп өнердің құлағынан.
мен сізді Астаналық деп ойлаушы ем,
Көрген соң гвардия ұланынан.
сөйтсем Халифа Алтайдың қорын ашып,
Шариғаттың ұстапсыз шырағынан.
Бір Алла нәсіп етіп қажы барып,
исламның қуат апсыз құранынан.
Қазму-да да қызмет істейсіз бе?
Капитан боп табылдың құрамынан.
ерінбес
еңбекқор жан сізді көріп,
Көңілдегі кірбіңнен шын арылам.
Қазақ жалқау дегенге келіспеймін,
Жалған сөйлеп несіне күнә қылам.
мысалға, мұхамеджан ағам отыр,
нәр алған туған жердің құнарынан.
Қай қиырға салса да қажымайды,
туғандай түз бүркіттің қыранынан.
Достарыңызбен бөлісу: