86
Қазақ өнерінің антологиясы
Жанталасып жармаспа,
Байыңа бағың бұйырсын.
Қылтыңдап
тұрсың ілгергі,
Қыз кезің өтіп кетіп тұр.
Бағың жанып өрлей бер,
Байыңа аман жетіп бір.
Қармамай қолды қайтейін,
елмірбек атым өтіп тұр.
Жаңа
ғана айтыстық,
мына елдің жазып қапасын.
осы ел көңілін ашамыз,
Қосылып бірге жырласақ,
Халық көңілін жазамыз.
Күйіп
айтқан жайым жоқ,
ел күлсін деп айтып жатамыз.
Жарасты бір жыр шығар,
төгілгендей күншуақ.
ерегісіп айтыссақ,
етек-жеңнен шымшылап.
Әлі
талай жолығармыз,
еліңде болсын ынтымақ.
Айнұр:
оңды сөз айтса ақындар,
оңынан туар айы да.
Қонақ боп келсең разы бол,
Қазақтың құйған шайына.
Жармасып
жатқам жоқ дейді,
Бұйырсын дейді байына.
Бұйырсын десең байына,
Айнұрды қалдыр жайына.
өзіңе ұқсас түсім де,
өзіңе ұқсас күшім де.
разы болсын мынау ел,
Қарапайым пішінге.
елмірбек жүрсін еркелеп,
Қазақ пен қырғыз ішінде.
87
Айтыс VI том
Айналайын, ағайын,
достық сезім үшін де
Балапандай
ұлым деп,
Алақаннан түсірме.
өлеңін елші қып өткен,
сүйінбай, Жамбыл, нұртуған.
достықты ардақтағанда,
Жүректен жарқын жыр туған.
Қазақ
пен қырғыз бір туған,
о бастан-ақ ірі туған.
Анасынан айналдым,
елмірбектей ұл туған.
Достарыңызбен бөлісу: