Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет31/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162
Дәулеткерей:
Көрген соң шаппа-шаптың тығырығын,
мұхамеджан бастады «ұлы» жырын.
мен өзіңді дос көріп сын айтып ем,
Жарамайды дәл осылай бүлінуің.
Әрине бүтіндігін ойлап жатсың,
тәуелсіз Қазақстан тұғырының.
сол тұғырды сақтайтын қалың қазақ,
танытпаса ішінен ірілігін.
ішінен ірір болса ірілігің,
өлерсің ажалыңнан күні бұрын.
Биліктің ұстағандар бек тұтқасын,
Қарапайым ел жайын көп құптасын.
Шенеуніктер шетінен ауысқанда,
иманын қаншама ердің еттік қасым.
Бүйірінен тоқаев түрткен жандар,
үйірінен бөлініп шет шықпасын.
Бақ та, тақ та мәңгілік мәселе емес,
Кеткен жандар көңілге кек тұтпасын.
саясат ауа райы сан құбылып,
сандалған сорымызға соқтықпасын.
Әйтеуір ұлтым үшін бізден тілек,
саяси ойындардан от шықпасын!
өрелі ой жамағатқа өрістемек,
Жайым жоқ жолыңды аға терістемек.


77
Айтыс VI том
мұсылман мұсылманды мазақ қылмас,
екеуміз ел алдында келіскен ек.
Әркім өзі үшін онда жауап берер,
мақшарда күнәң болса мол үстелед.
Аға – бордан дегенде, іні – зордан,
мұқажан, сен сүрінбей жеңіске жет.
«Құдайдың құрметіне ие болсаң,
Қолыңызға су құйсын періште кеп».
үкідей шығар ме екен үнім батыл,
Жүрегімнің соғысы жырымда тұр.
тәуба айтуға қазақтың тілі келмес,
тәуелсіздік дегенмен тұғырда тұр.
«Көп шуылдақ не табар» деп кеткенмен,
Абайдың ақылын кім ұғып жатыр?
демократия дейтұғын желеуменен,
Әркім әрбір партия құрып жатыр.
Балталылар Батыраш бұл қоғамда,
Қалталыдан қаһарман шығып жатыр.
есеп ортақ болғасын ел үстінде,
Кеше қорқақ боп шықты бүгін батыр.
екеуміз енді әңгіме қоздатпайық,
ертеңге жарамайды бүгінгі ақыл.
Мұхамеджан:
Ақынсың ауызынан сөз борайтын,
сахнада құр бекер боздамайтын.
Қыранның қылығы бар тұқым едің,
Қызығып ұшқан кезде көз қарайтын.
Біразырақ жайлардан сенде айттың,
Қорғасындай болсада қозғалмайтын.
саясат деген бұл бір резенке ғой,
Әр патша өз әлінше созбалайтын.
тарихта бабалар көп таймас табан,
мәнсап үшін жағаға жармаспаған.
Бір кезде Бұрындық хан боп тұрғанда,
Қасымхан сұлтан еді жанаспаған.
Патшаны қашан тақтан тайдырам деп,
Құр бекер тірлігіне араласпаған.


78
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайта ханға болысып, айналасын,
Алаяқ, аярлардан аластаған.
Әбілмәмбет патша боп тұрған кезде,
Абылай сұлтан еді ел бастаған.
Патшаны ол да қашан тайдырам деп,
Құр босқа етек жайып бал ашпаған.
Ал, нұрағам бүгінде төрінде отыр,
Жайлауына айналып жаңа Астанам.
Қолдау түгіл қорлауға баратындай,
төңірегінде адам көп жараспаған.
Бабалардан мол үлгі алмаған соң,
Жандардан не күтесің жараспаған.
Бірігіп жүрсе шіркін қуанар ек,
тіріліп келетіндей Алаш бабам.
Бұлжымас заңдылық бар бұл ғаламда,
Алладан аян болған күллі адамға.
үшбұрыштың сезініп қатаңдығын,
үш жүзім табиғаттан үлгі алар ма?
өзінің мақсатына жету үшін,
үшбұрыш боп ұшады тырналар да.
Көсемінің көлденең жолын кеспес,
түссе де тұманды күн шырғалаңға.
тәртіп бұзбас сол құстың тектілігін,
Берсе екен біздердің тұлғаларға.
тым болмаса тырнадай ынтымақпен, 
тірлік етер қазақта күн болар ма?!
ынтымақ иман болса көш өрлемек,
дертіңді тек жанашыр дос емдемек.
Бізге бүгін сайраған тілі емес,
Жүректері сөйлейтін шешен керек.
Жүз жылдығын ойлайтын ұлтымыздың,
Байтұрсыновтай көшелі көсем керек.
рухсыз ұл, қылықсыз қыздың бүгін,
Кеудедегі намысын көсеу керек.
Жасық болмай жастарда ойлай жүрсін,
ұлтымыздың рухы есен бе деп?
осылай деп айтысты аяқтайық,
дәулеткерей, биікке дос өрлемек.


79
Айтыс VI том
сонда ғана Құдайдан тілеп жүрген,
Құт береке дариды осы елге кеп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет