Елмірбек:
Жырласаң елге жағасың,
Қырғызды қарап бағасың.
Айнұр-ау сені байқасам,
не түрлі сөзді табасың.
онан гөрі маған көн,
Бақытыңа барасың.
сонда қырғыз-қазаққа,
Жұлдыздай боп жанасың.
Көктегі шолпан сыңарындай,
Көрінесің Айнұрым.
Көктемдегі жаңбырдай,
төгілесің Айнұрым.
Алып келіп тұрғандай,
Астанаға ай нұрын.
Қазақтың асыл қызысың,
ұқсайсың мөлдір жүзімге.
Қарашы, әне, еліңнің,
Қызғаныш бар жүзінде.
өзің айтып кеткендей,
84
Қазақ өнерінің антологиясы
Көрінгенге көз салмаймын.
Басқа қызға да бармаймын,
Бал сөзіңді тыңдаймын,
өзіңізді таңдаймын.
Бал татыған сөзің бар,
Басқаны таба алмаймын.
Адамның тәтті тілі бар,
Артықша кетсем балдай ма.
Белсеніп тұрған бір жігіт,
Бармаса бекер болмай ма?
сұқтанбаса сұлуға,
елмірбек еркек болмай қалмай ма?
Қызметі өтсе халқына,
Жақсыны жалпы жақтайды.
Қырғыз бенен қазақтың,
Қызы сендей болсын деп,
Жігіттер жырлап мақтайды.
Қасыңда тұрған ер жігіт,
Қарағым, саған жақпай ма?
Алдыңда әне отырған.
есекең
1
менен Әбіштің,
Жастығы еске түсіп жатпай ма?
Айта берсек таусылмас,
осымен тоқтап толдық біз.
ғашықтықтың баянын,
Біраз айтып болдық біз.
Құдайым сірә көтерер,
Айнұрдай жанның талабын.
Алатау асып кете бер,
Жарқылдап күнге тамағың.
Ал, бастағын, Айнұржан,
Кезегіңді берейін.
өзіңдей болсын барлығы,
өзгеге қайтіп теңейін.
1
Е с е к е ң – Естемес Тұрсынәлиев.
85
Айтыс VI том
Айнұр:
Жұлқына бердің, қу жігіт,
Қазақтың қызын жеңгің кеп.
Жылауды тегі қоймадың,
Айнұрды іздеп келдім деп.
үш бала бар ед үйіңде,
оны да мынау ел білмек.
Әйеліңіз тағы бар,
Көйлегі қалған желбіреп.
тойғанын білмес тоқтыдай,
маңырай берме, елмірбек.
сөздерің қайда тым жақсы,
Жүзіндей өткір алмастың.
естеместердің ерекше,
ескі әні болып жалғастың.
Қыздар жоқтай қырғызда,
Қазақтың келіншегіне,
Жанталасып жармастың.
Бұлбұлым деп Айнұрға,
өлең жазыпсың алғаш күн.
Жыр сыйламақ түгілі,
Алтын құйсаң да бармаспын.
естай боп жылағаныңмен,
Қорланың бола алмаспын.
Достарыңызбен бөлісу: |