Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет33/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162
Елмірбек:
төріндемін Арқаның,
мықты жер екен айтарым.
осы елдің болып төрінде,
Қызықты судай шайқадым.
студенттер үйінде, 


82
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетіншіде сен жаттың,
Біріншіде мен жаттым.
Байқасам да барлығын,
Байқатпастан тек жаттым.
Ақыры шықтық айқасқа,
Құдай өзі берер деп жаттым.
сен таласқа барғанда,
Бәрі де қалған арманда.
Жер тепкілеп жіберген,
Жеңішбек жете алмай қалғанда.
онан бері күн қайда,
Айлар өтіп кетіп тұр.
Арада қанша қарашы,
Жайлар өтіп кетіп тұр.
Айтылмаған іштегі,
сырлар өтіп кетіп тұр.
одан бері қарасаң,
Жылдар өтіп кетіп тұр.
Айтпаймын сөзді қарадай,
тұрпатың сұлу маралдай.
Арманда болған көп жігіт,
Артыңнан сенің бара алмай.
Қазір де жүр ғой арманда,
Шырқырап іздеп таба алмай.
Барғым да келген артыңнан,
Байыңнан бірақ тартынғам.
Алақанына салған аруды, 
Айналдым сенің халқыңнан.
енді, Айнұр, не дейсің,
Ашытылған шараптай,
Көпіріп келе жатасың.
Шырағдандай қызулы,
ысытып келе жатасың.
Жазып кетші бұл жерде
Жанын саған арнаған
Жас жігіттің қапасын.


83
Айтыс VI том
Айнұр:
сіңлісіне сараның,
сұқтанып сонша қарадың.
Көрінген қызға көз салып,
Ашылған екен араның.
Қалжыңдаса да қырғыздар,
туысқаныма баладым.
Ақаевтай басшыңыз
Баласы ғой білесің,
Әселдей асыл ананың.
Қазаққа жиен Шыңғыс та,
Бірегейі дананың.
осыменен, қырғыздар,
Қазаққа разы болыңдар,
Киесі бар-ды даланың.
Жүгіре берме соңымнан,
тілініп қалар табаның.
Қанағат қарын тойдырар,
Жөнге жүр енді, қарағым!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет