Дәулеткерей:
Бабымды, бапкер елім, сен білесің,
енді жалау айтыстан желбіресін.
ораз досым, бала деп өлең бастап,
сөзіңе тыңдарманды сендіресің.
Аңшы қанша айлалы болғанменен,
Аюдайын сен сонша жол білесің.
Айтарыңды айтып сап аямай-ақ,
маған қарап несіне телміресің.
Ат шанаға арқалық жасаймын деп,
мені қалай ығыңа көндіресің?
таңдай ағып түскенше тақылдайын,
Жанды аянып қалайын енді несін!
танытсаң ақын болып көсем жігер,
демеймін бұл айтыста есеңді бер.
оразалы, жырың бар жібек тұтқан,
Ақсақалдың алдына төсендірер.
Кәптің ұлы дегенге күмәндәндің,
Ал, менің қайтаратын есемді көр.
«Бәленшенің ұлы» деп неғылайын,
Кімнің ұлы екеніңді шешең білер.
сыбаға мен де саған сайлатармын,
Жүзіңді Астанада жайнатармын.
дәулетті кәріс қылдың, сақ қылдың да,
Білмеймін қайда апардың, айға апардың.
Халықты сен мәз-мейрам қылып тастап,
91
Айтыс VI том
Құйрығын жіпке тіздің бе бай-қотанның.
Қаймығатын мен емес, ораз сенен,
сабын жасар сақардай қайнатармын.
Құлан аяң Құлмамбет бабаң қандай,
Қаракөк тұқымынан жаралғандай.
Айтыс десе келесің алшаң басып,
тау бөктерлеп жететін тағы арландай.
тіліңмен темір қорыт, ат тағала,
дедің бе айтып жатқан бағаң қандай?
Әркім де өз әлінше жүйрік шығар,
саздау жерден кетермін тағаңды алмай.
Ал, енді, әрі қарай көсіліп көр,
Бағанағы бастаған шамаң бардай.
Алтынға балап айтқын әр сөзіңді,
салқынға төсін керіп самалдардай.
Оразалы:
Жүйріктей жетпеген бір таң асары,
Қуанта алмай отырсың қарашаны.
дәулет-ау, осы біздің айтыс жайлы,
Білгіштер білгенінше бал ашады.
неше түрлі пікір бар ел ішінде,
Әркім өз білгенінше таратады.
Біреулер айтыс мүлде керексіз деп,
Біреулер оған қарсы таласады.
сол жөнінде сен бүгін ойыңды айтшы,
Ақылыңның жетсе егер шама-шарқы.
Бұл сөзімнен кем санап отыр деме,
ойыңды айт, өткір, ұшқыр, тамаша әрі.
өткір болмаса да мен қабылдайын,
Қолды кейде өтпес пышақ қанатады.
Періште алғаш қоразға көрініпті,
тауықсыз да десек те таң атады.
ұрпақ алдында өтейік парызды адал,
секілді екейлердің қара шалы.
Астана мен Алматы айтысайық,
Жібекке жібек жамау жарасады.
сақар қылып қайнатсаң,
Жақсы көрем мұныңды.
92
Қазақ өнерінің антологиясы
сақар сабындай мен сенің
езгілейін кіріңді,
Ақ қылайын түріңді.
Айналайын, дәулетім,
тілің бүгін сүрінді.
сабын ғып мені қайнатып,
Қармағыма келіп ілінді.
есеңгіреуден есенсің,
Амалың болса әзірле,
Әттеген-ай деп кетерсің.
өзімді қайдам, сөзімді,
Шыдаса белің көтерсін.
тәубе деп, жүрсең тәңірге,
сынымнан сынбай өтерсің.
сынатындай сыр берсең,
Бұлбұлдығың өзіңе,
ұяңда ғана шешенсің.
сындырмай-ақ кетейін,
ұялып босқа не етерсің.
тоныңды қойшы, шешерсің,
Қолыңды қалай кесерсің?!
Шоқтығы биік ер мінер,
елерген тұлпар екенсің.
ер салып мініп көрейін,
ентіге қояр ме екенсің?!
өлеңменен өрейін,
Астана алтын ордамды,
тілім жеткенше терейін,
Шеберден қанша бөз қалды,
Шешеннен қанша сөз қалды?
ел алдында айтайын,
ойларым болса орманды.
Жүйрік болсаң көсілгін,
Қоздырайын мен қозбаңды.
оразбен айтысамын деп,
орта ғасырлық батырдай,
Алды-артың түгел орланды.
мінгенің қунақ болса егер,
ордан да өтер жол бар-ды.
93
Айтыс VI том
Жақсы айтар ма екен, дәулетім,
Жауырыншыдай болжалды.
мен деген, дәулеткерейім,
Көсем сөзге келгенде,
Көк найза едім толғаулы.
Адасқан сендей оқ өтпес,
Ақ сауыт едім торлаулы.
Шынашақтай шырпымын,
Шытырлатып өртейтін,
Қалың да қара орманды!
Достарыңызбен бөлісу: |