Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет41/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162
Оразалы:
енді ораз ақсыншы,
Ағын судай аға алса.
Көрсін мына дәулетім,
мінімді бүгін таба алса.
ойларыңды оюлап,
Кеттің-ау омар Хаямша.
«Бұзау тіс менің сөздерім,
Бұтыңнан шағып шаянша».
Құлагер аттай қызынып,
Құлдыраңдап шаптың қоянша.
Бақырауық келер ақ серке,
Бауыздалар шақ таянса.
Айғайға қаны қызынбай,
Бақсыз жерде бап шаппас.
Алладан бұйрық бұйырмай.
Арғы атам Көдек ақын ед,
өлеңнің асқақ туындай.
Шарғын мен Қойдым сөйлесе,
Шөл қандырыпты ел кеше,
Әбіл Хаят суындай.
таңжарық ақын сөйлепті,
Қылықты екен сөздері,


100
Қазақ өнерінің антологиясы
Қызайлардың қызындай.
Қазағым бөлек ел дейм деп,
Патшаға қарсы сөйлейм деп,
Қытайға кеше қуылды-ай.
дулат бабамның тойында,
мен осылай сөйлеймін.
Булығып босқа тығылмай,
сылдыр судай сұйылмай.
өйтпесем, мені кешірмес,
Атам Жамбыл, сүйінбай.
Құлан аяңға салайын
Құлмамбеттен қалған құлындай.
сен қолдап берсең өр елім,
Күшіне енер өлеңім,
Күшала қосқан қымыздай!
сөз бастатқандай шешенге,
Жол бастатқандай көсемге,
Алладан жауған нұрдайын,
нөсерле тілім, нөсерле!
Байлығындай Қазақстанның,
миллиардтап шашқан шетелге.
Жырымменен шашу шашайын,
Атымтай жомарт осы елге.
дәулеткерей, бұл сөзді ұғарсың,
саңылау болса жетеңде.
Келімсектер жүр кекіріп,
меншігіміздегі мекенде.
етегіне пышақ жаниды,
ет туратсаң солай есерге.
Бұл сөзімді айтайын,
елбасында отырған
үлкенді-кіші дөкейге.
Көрмеген болып көрсе де,
еті өліп кеткен көкең де.
дулат бабамның тойында,
Бекер де бекер кетем бе?
Халайық, енді қиқу сал,
дулат бабам айтқандай:
«Көмбеге таяп келгенде
Жүйрікке керек көтерме!»


101
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет