Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет46/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162
МЭЛС ПЕН ДӘУЛЕТКЕРЕЙ
Мэлс:
Ағамыз – күн болғанда, ақ таң жеңгей,
оларды айту қиын мақтан көрмей.
Айтыстың абыройын асыратын,
Ақ сауыт, ақсақалды қарттар келгей.
мен өзі кемпір – шалдың баласымын,
солардың батасымен шапқан желдей.
Шұрқырап құлындары келген кезде,
етігін еміреніп басқан көлдей.
Қоныстың шекарасын белгілейтін,
Болыстың сандығында жатқан мөрдей.
Алтынның сынығындай алмасатын,
Жақсылардың соңынан жастар келгей.
Ағайын, аман-есен өрдіңдер ме,
Арнайды талай ақын дастан мендей.
Азайсаңдар абыржып қаламыз ғой,
Біз-дағы қалдық па деп тастанды елдей.
енді бүгін еш қайда кетпеңіздер,
той қызығын соңында тосқан жөн ғой.
Армысың, дәулеткерей, арғымағым,
есіміңді дәріптеп қосқан жөн ғой.
түскен соң өлең сөздің майданына,
лайым, несібеңді ақтан бергей.
Аруаққа сиынып бір көрейін,
Қалмаққа таңғы ұйқыда тап бергендей.
Дәулеткерей:
сөйлесе мэлс ақын таңдайланбақ,
Айтатын әлеуметке әнді ойланбақ.
мысалға келтіреді көп әңгіме,
Пернені басатұғын жандай бармақ.


110
Қазақ өнерінің антологиясы
Қалмаққа таңғы ұйқыда тап берем деп,
сондағы тап бермегін қандай қалмақ?
Бісмілла, елім күндей ерке күлсін,
Пернесі домбырамның оң терілсін.
Ассалаумағалейкүм, арда қазақ,
Көңілің көркем жырға көмкерілсін.
Арлан ақын мэлс те ат үстінен, 
Көкпарыңа тастаған серкені ілсін.
Батырлықты дәріптеп ақындықпен,
ұлдарың серттеріне семсер ілсін.
махамбеттің тойында маңғаз елім,
Шаттықтың шалқар күйін шерте білсін.
Шапалақтап отырсаң, ақыныңның,
екі ауыз өлеңіне ел семірсін.
марғасқа махамбеттің айтысында,
таңдайдан жыр, маңдайдан тер төгілсін.
Ақсұңқардай бұрғасын шыңға бетті,
Қара өлеңмен қылайын ырза көпті.
Қара ниет пиғылы патша ағзамның,
Қазағымның қадамын шырмап өтті.
Кешегі кер заманда, ел қамауда,
ерлерімнің қылышы қында кетті.
Қарғыланған төбеттей елді талап,
Бір сатқынның бәлесі мыңға жетті.
ұлыңның тұрпатынан тұлға кетті,
сұлудың құлағынан сырға кетті.
Арбалмаған алаштың нары қалмай,
тал қармаған талайлар суға кетті.
Жұлын құрттай жұлынып ердің басы,
туырлықтай далаңды тулақ етті.
өз несібең бұйырмай өз аузыңа,
сары табақтың сарқытын құл дәметті.
марғасқа махамбеттей маңғазына,
Айтақпен үрген иттің тырнағы өтті.
отаншылдың сезімі тұншықтырды,
отаршылдық дертінен туған өртті.
Қаймана қазағымның қасіретін,
Қан жылаған жүрекпен жырлап өтті.


111
Айтыс VI том
Ақыра арыстандай айға ұмтылып,
Қапыда қара жерді құндақ етті.
Халқымның пейілі ғой ең тұнық нұр,
сондықтан менің көңілім желпініп тұр.
Жайықтан келген ақын жанымда бар,
дегендей осы айтыстың сертін ұқтыр.
отаршыл озбырларға қарсы шапқан,
Батырлардың рухы серпіліп тұр.
Арыстарын аспанға ел көтеріп,
Қуаныштан көзіне көл тұнып тұр.
махамбет ақындардың сұлтаны еді,
Қалатын жырларынан жөңкіліп қыр.
ораза айы – сұлтаны он екі айдың,
Жүректерге иманын толтырып тұр.
Ақын тойы оразамен орайласып,
Қос сұлтанның жұлдызы тең туып тұр.
Құлай сүйген құлының құрметіне,
Құдай өзі ретін келтіріп тұр!
Алланың пәк пейілі құранда аппақ,
ықыласты пендеге сыр аңдатпақ.
Ал, мәке, бүгінгі ізет бізден болсын,
Бәйгеге тұлпарыңды тұмарлап шап.
үзеңгі қағыстырып отырармын,
Қыңыр сөйлеп кетпесең сыңар жақтап.
Абыл, Ақтан, нұрым мен Қашағандай
Аталардың аруағын шын ардақтап.
Пір Бекет деп сөз бастап жүрген ұлсың,
Бабасының есімін ұрандатпақ.
толарсақтан қан кешкен батырлардың
Шын ерлігін ұрпағы тұрар мақтап.
махамбеттің айтысын қыздыршы енді,
Асқар тауды басса да мұнар қаптап.
Қызыр қонған батыстың ақыны едің,
Қызыл тілден ұшырған қыран баптап.
Мэлс:
дегендей сайысып бір көрші екеуің,
Белгілі сол сөзден-ақ көрші екенің.


112
Қазақ өнерінің антологиясы
Әрі інім, әрі шәкірт деп атаған,
сезбедім сіздің сөздің ерсі екенін.
Қалмақты мысал үшін айтып едім,
олардың білесің ғой елші екенін.
Қандай қалмақ деп сұрайсың мына менен,
Қай қалмақтың паспортын көрсетемін?!
Халайық екеумізді күткен шығар,
Ағаш та жаңқалаған түптен сынар.
дәулеткерей, алдыңда шәй құюлы,
мөлдіреп тұр ғой, әне, сүтпен сыңар.
ұзақтау толғағаның қандай жақсы,
сен-дағы ақын емес іштен тынар.
өзіңнің сөздеріңе қарағанда,
Кассетаңның бір жағы біткен шығар.
дәулетжан, айтысқанда аспандай ма,
Әуелден сөйлемейді бастан майда.
Жеребе екеумізді тоғыстырған,
осындай әдетті де тастау қайда?
«Жақсы сөз – жарым ырыс» түсінемін,
ырыс та ынтымақтан басталмай ма?
дегенмен қорқамын көп мақтаулардан,
Көп ішкен адамдар да мас болмай ма?
мұныма мына тұрған қосылар ел,
Алдымен ақын туған осылар – ер.
Батыры ақын, ақыны батыр болған,
Қазақтың қасиетті топырағы – ер.
сіз бен бізді жаратқан әуел бастан,
топырақтың алдында тосыла көр.
Жаныңның жарақатын жазам десең,
Арыңның әділ таза сотына бер.
Құдайым, ең алдымен адалдықты,
домбыра ұстап жүрген досыма бер!
өлеңнің дариясын көрем десең,
Қосымбай деген шалдың қосына кел.
дәулетжан, әрі қарай арқырайын,
ойланып қалған бізден шошынады ел.
Бірдеңе десем тағы ренжисің,
Айтыспасаң, айтыспай отыра бер.


113
Айтыс VI том


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет