Жандарбек:
уағалейкүмассалам, дәу Бұлғақов,
мен үшін асқаралы, тау Бұлғақов.
сахнада балаңмен қауыштырған,
Әкетай, өкпелеме тағдырға түк.
Жарты өмірің айтыспен өтіп еді,
Жер теуіп, домбыраңды даңғырлатып.
Балаңмен кездескенің бақ емес пе,
Әр нәрседен іздейді әркім бақыт!
Ал, енді сен шап десең, мен шабайын,
Батыраш құлатпаса аңдып жатып.
маңдайымнан сыйпасаң, құлыным деп,
таңдайымнан жыр төгем жаңбырлатып.
Ағайын, бәрің бері келіңіздер,
өлеңге қатты құмар едіңіздер.
Айтыстың неше түрі болады екен,
Баланың бұл сөзіне сеніңіздер.
Халықаралық айтыстар өткен кезде,
Біздер үшін уайым жедіңіздер.
облыстық айтыстар өткен кезде,
Бұл айтыс жақсы өтті дедіңіздер.
Бұл айтыс ерекше айтыс болғалы тұр,
Әйтеуір бағаны әділ беріңіздер.
226
Қазақ өнерінің антологиясы
Айтыстың тоқтауына байланысты,
отбасылық айтысты көріңіздер.
Әкемнен алушы едім тынбай тәлім,
өйткені, өнегесін шын байқадым.
Бұрын-соңды басымда болған емес,
тығырыққа тірелген мұндай шағым.
Ағайын, маған көмек беріңіздер,
Айтыста қайту үшін сынбай сағым.
Біреу тиіссе, әкеме айтушы едім,
Ал енді әкем тиіссе, кімге айтамын?
Бұл біздің түсіміз бе, өңіміз бе,
Әкетай, жұп қылыпты сені бізге.
ойпырмай, осы айтысқа шығар кезде,
Қарсылас табылмап па тегі бізге?!
Жүрсін аға, әкеммен жұптап қойып,
Әкемді танытайын дедіңіз бе?
Әкетай, биші де сен, әртісте сен,
тәуекел тартысайын, тартыс десең.
сахнаға қарсылас боп қайдан шықтың,
Әкем боп отыр ең ғой талтүсте сен?
Ақын деп мені мұнда алдырар ма,
ермановтың ойынан дәл түспесем.
Айтысты арбаға сап жарға айдады,
ой, айтқыш, «жетпіс шешен, алпыс көсем».
төл өнер төрден орын алуы үшін,
Әкеммен айтысайын, айтыс десең.
тапжылмай маған қарап халық отыр,
Әкеңе кетеді деп қай тұста есең?
не керек, бұл халыққа қызық керек,
өзің біл, өз ұлыңды жай тістесең.
сахнаға мен шыққанда тақым қысып,
Ас батпақ түгілі, сен шай да ішпес ең.
мен болсам жалындаған жас баламын,
Әкетай, сеніп келдің қай күшке сен.
екеуінің қайсысына болысам деп,
дал болып отырма екен байғұс шешем?!
Әкеме еркелеуді ұнатам мен,
өзгемен ерегессем, құлатар ма ем?
227
Айтыс VI том
теңді теңге, тезекті қапқа салмай,
ерманов қайдан қосты мына шалмен?!
«Алыссаң, атаңды жық» деген бар ғой,
сол сөзбен өз-өзімді жұбатам мен.
Құнанбайға сын айтқан Абайға ұқсап,
ой жарысып көрейін ұлы атаммен.
«Күн көсемнің» тұсында сіз туыпсыз,
Армандас боп Брежнев братанмен.
нұр көсемнің тұсында мен туыппын,
Арайлап азат атқан құба таңмен.
сүйегі қаусап кеткен «Компартия»,
Қай бетімен жарыспақ «нұр-отанмен»?
Халықтың ықыласын иемденген,
Қос Бұлғақов айтысқа ірең берген.
сахнаға сабырлы боп мен келгенде,
Әкем отыр аумайтын дүлей желден.
сөзімізді билікке жеткізер деп,
Халық әркез ақынды сүйеу көрген.
Басшылар бұл өнерге бұғау салып,
тұлпардай болып қалдық шідерленген.
Ағайын, біздің заман осы болды,
Біреулер қырқысып жүр біреулермен.
Әкелері айтысып баласымен,
Қайын аталар алысты күйеулермен.
Достарыңызбен бөлісу: |