Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет80/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162
Дәулеткерей:
сөзіңде жылтырайды арман- үміт,
дәл бүгін келтірмессің қанға күдік.
Қарғалықты танытпа деп айтасың,
сен менің шаужайымнан жалған іліп.
Арқаның арда туған ақыны деп,
Көрсем деп ем жүрісіңді алда жүріп.
тілеген теңеуді де дұрыстап тап,
Қыранға қастық қылмас қарға күліп.
Қандай ед деп сұрайсың ал, бұл заман,
Біреуге деп айтамыз тағдыр жаман.
мұқағали жырының мәні бөлек,
Ақын өлсе қалғандай тағдыр қараң.
Шымболаттың артында шындық қалды,
Алашының алдында самбырлаған.
сол шындық осы қазақ аман болса,
Жүрегімен жетпей ме сан жылға аман.
«Әлдекімнің тағдыры бұйырған жоқ,
сексен жасап сегіз сөз қалдырмаған».
Қазағым жете берсін жылдарға аман,
Жылдарға аман, тәуелсіз тұлғаң да аман.
Халықтың ақасына келген кезде,
Ақынға да керек қой бұлданбаған.


214
Қазақ өнерінің антологиясы
Кешегі өткен ақын мен жыраулардан,
Ақын ақын болар ма үлгі алмаған.
Бүгінгінің шындығы осы боп тұр,
өсекшіде қызыл тіл сумаңдаған.
Кеншілердің аузына арақ құйып,
өлгендерді кінәлі қылған заман.
Бүгінгінің шындығы дәл осындай,
түлкінің құйрығындай бұлғаңдаған.
Қазақтың ашылса екен алдан бағы,
Ақынның аз болса егер зарланғаны.
Шымболаттай шыңғырып шындықты айтса,
Жетеді тілегеннің арманға әні.
сарыарқаға протон ғашық боп тұр,
Көре алмас үмітімдей таңдардағы.
Бүгінде ел басқарған мықтылар көп,
ойлаушы ем деп үміттің жалғанғаны.
Қарашаның қамын жеп өтпеп пе еді,
Қарақасқа ат мінген Қамбар дағы.
 2006 жыл.
ДИДАР МЕН ЖАНДАРБЕК
Дидар:
Біссміллә, хақ жолымен бір Алланың,
Айтыста атой салып ту алғанмын.
Жаркентте той дүбірі естілгенде,
Арқада арқам қозып, қуанғанмын.
дәнештей ән бұлбұлы туған жерге,
Жүрегімнен жауқазын жыр арнадым.
Әбіхан Қастеевтей саңлағың бар,
суретші тасқа салған ұлы арманын.
Жандарбек пен Әсеттей шайыр өткен,
Басына ноқта түспес құландарың.
Кешегі желтоқсанда ерлік қылған,
ләззат пенен ерболдай қырандарың.
одаққа аты шыққан аудан едің,
Кезінде куә болдың бұған бәрің.
Жер шеті, жел өтінде шекараның,
Қас қақпай күзетте тұр ұландарың.


215
Айтыс VI том
80-ге толып жатқан ауданыңның,
тойында тор бестімді тұмарладым.
Ассалаумағалейкүм Жаркенттіктер,
тамашамен тарқасын құмарларың.
зәузатыңды зәмзәммен суарайын,
өлеңге сусап қалған суандарым.
Көрермен отырғанда өлең іздер,
тойға кеп көсілмейміз неге біздер.
Жандарбек шыққан кезде шуладыңдар,
Болсақ та біз екеуміз тел егіздер.
Арқадан ат терлетіп келген кезде,
мені де бөліп-жармай елеңіздер.
Атынан ат үркетін Байсуандар,
Арғынның бір баласын демеңіздер.
Жандарбектей Жаркентте тумасам да,
өз туған балаларыңызға теңеңіздер.
Бауырына басады деп келгенде,
Жерлестің қамын ғана жемеңіздер.
тайбурылдай дидар да қатар шапсын,
Ауылдастың аты озсың демеңіздер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет