Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет92/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162
 
Нұрлан:
Біреудің тілгің келеді текеметін
өзіңнің тимейді екен шекеңе тым.
Штангист болсаңшы деп, ақыл айтып,
Ауыр жүк арта берме көкеңе тым.
Бойымда сәл пәл менің сырқатым бар,
мұздай темір ұстасам жөтелетін.
Қазақта штангист жоқ деп қиналдың,
осы сала жатқан соң өте жетім.
Бізден асқан штангист халық бар ма,
Қай қиындық туса да көтеретін.
Айтысқа деп жүргенде мен өкілмін,
спортшы болсаңшы деп сен өтіндің.


243
Айтыс VI том
орындай алмасам бір өтінішін
Қасыңа құрдас болып неге отырмын?
ойлап, ойлп ақыры тоқтам жасап,
Жаныңа үмітпенен кеп отырмын.
Қолыма сен секілді сырықты алып,
Биіктікке секірсем деп отырмын.
Ағайын ажар қостым ажарыңа,
Ажал деген қарамас ажарыңа
Байдың ұлы деп мені кекеттің ғой,
Бір қарап айтқан жөн ау о жағына.
Білімі бар халыққа байлық керек,
дұшпанның қалмау үшін мазағына.
сол байлық маңғыстаудан шығып жатса,
сол үшін де мұсаев жазалы ма?
маңғыстауды түркіменнен тартып ал деп,
Адайды Құдай берген қазағыма.
мұнайдың қаржысымен біздің өлке
Астана, ажар қосты ажарыңа.
мен мұны бұлдау үшін келген жоқпын,
ду қоса келіп едім базарыңа.
маңғыстауға ешкімнің өкпесі жоқ
Ас салған бар қазақтың қазанына.
 
Еркебұлан:
Бұл нұрлан ертегісін бөсіп отыр,
Құрдасын қалжыңменен осып отыр.
Аспанға секіргің кеп бара жатса,
өзіңді өзің жерге бес рет ұр.
мен сияқты сырықпен секіруге
Бойыңыз болу керек екі метр.
«Аршын төс», «алма мойын», ардағым ай
оған дейін бойыңды өсіре тұр.
Әзірше сырық ұстап, тырбаңдамай
сіріңкенің шиімен секіре тұр.
Ақындардың болған соң тілі құтты,
мынау ел айтысқа артты бір үмітті.
түйедейін ірі деп отырсың ау,
тіліңіз нұрлан неге сүрініпті?
ірінің не екенін мен айтайын,


244
Қазақ өнерінің антологиясы
Жақсылап тыңдап отыр ұғынықты.
осыдан жиырма жыл бұрын ғана
«Қазақстан» дейтін ұл туылыпты.
Бүкіл түркі дүниесі сүйіншілеп,
Жер жаһанның апшысын қуырыпты.
Жер түгілі айға да «Ақсарбас» деп,
Қос жігіт Байқоңырға жүгіріпті.
ен байлықтың иесі туылды деп,
орыс біткен өмірден түңіліпті.
Баланың үлкендігі соншалықты,
Әлемдегі тоғыздың бірі, мықты.
Жөргегі қара жерден жасалыпты,
Көйлегі көк аспаннан тігіліпті.
Қырқынан шығарғанда сол баланы
Айдын шалқар Аралдың суы бітті.
«Атамнан қалған бұл да әдіс қой» деп,
Қалған жері тұзбенен жуылыпты.
Алтай мен Атыраудың екі арасын,
Бесік қып, белі Арқаға буылыпты.
Бас жағы құбылаға қараған соң,
Арт жағы күн шығысқа бұрылыпты.
Бесігінде бұлқынған нәрестенің
Батырлығы сол кезде ақ білініпті.
Жас ұлдың тепкісіне шыдай алмай,
Атомның көзі мәңгі жұмылыпты.
Алты жасқа келгенде атқа мініп,
отауы Ақмоладан құрылыпты.
он тоғызда одаққа бастық болып,
Жарты әлем жәргейіне жығылыпты.
Бастылардың барлығы иіліпті,
тізелінің барлығы бүгіліпті.
сол жігіт жиырмаға келді биыл
ұлт біткенге танытып ұлылықты.
Жап жас болып, жүз отыз баласы бар,
мықты емес деп көріңдер бұ жігітті.
Асық жілік ұстатып, асыраған
Балалары баурына бірігіпті.
дүркіреп жалғыз өзі көтеріп тұр,
түркілер тастап кеткен ірілікті. 


245
Айтыс VI том
Астанам сен мақтан қып өтетінім,
дидарыңды айта алар ма жете тілім?
«орысты ұлы халық» деп жүргендер
өз ойларын етеді өте шығын.
орыстың ұлылығы қайда қапты,
Жерімнің түсінбесе «жеке сырын».
сарыарқаны көргенде сары орыстар
ескертіпті егістік ететінін.
Бұл жерде одан басқа пайда жоқ деп,
тың игеріп тесіпті екі етігін.
Хрущев бір уыс шөп өсірем деп,
Шамасын көрсетіпті жетесінің.
Брежнев картоп пен жүгері жеп,
дақылдың ектіріпті неше түрін.
горбачев та кезінде гәп қылыпты,
Бұл жерге бидай ексе жететінін.
ора шолақ орыстар ойламапты ау,
Қазақтың астанасы көшетінін.
мұжықтар қайдан білсін, ми далаға
Бидай тұрмақ «Бәйтерек» өсетінін.
Целиноград дейтұғын шағын қала
ленинградтан сұлу боп кететінін!
Жағың Жайық, ерінің ертіс құсап,
өлеңің жұртқа жайды елтіп құшақ.
үстірттің ұрда жықтау баласы едің,
Ақындардың сыртынан тон пішкіш ақ.
Ақтау сені ерке қып жіберіпті,
есерлігің тентекпен тең түскіш ақ.
өзің де маңғыстауым деген кезде 
Күңіреніп кетесің Қорқыт құсап.
Қызыл тілің қай жаққа бұрылса да,
Батысты көрсетіп тұр компос құсап.
өлең айтсаң кетесің өршеленіп,
ұрған сайын семірген борсық құсап.
Кезегіңді берейін кезене бер,
Қойныңа тығып келсең қортық пышақ.
Атылып кетпесеңіз жарар еді,
Ашыған қымыз құйған торсық құсап.


246
Қазақ өнерінің антологиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет