231
Айтыс VI том
мен де біраз уәжімді айтайыншы,
Азғантай мұрсатыңды бере тұрсаң.
орыс тілін сіңдіріп сүйегіме,
Жетпіс жылдың жемісін жеп отырсаң.
сізден алған дәстүр ғой жастарымыз,
орысша сөйлегенді көретін сән.
мен бірақ, домбыра ұстап ақын болдым,
секілді ұлтқа сәуле төгетін шам.
Әкетай, шыныңды айтшы не істер едің,
өлеңді орысша айтып, кеп отырсам.
«Ассалаумағалейкум, әке» демей,
«о, батя, здраствуй» деп отырсам.
Балаңның өткен күнде өші бар-ә,
тұлпардың қызып келеді еті жаңа.
Бала саны көбейіп осы күнде,
Қазақтың келе жатыр көші дара.
туыңдар-туыңдар деп тәтімов жүр,
Күйеу мен келіндердің есін ала.
Бұл дағы азаттықтың жемісі ғой,
Бұрылса берекенің беті жаңа.
Ал, сендердің заманың бір түрлі екен,
сиреген өкіл әке, өкіл ана.
Қой бақтым, қой бақтым деп қопаңдайсың,
Бұл кісінің болыпты ау есі-дала.
Қошқар қылған ерлікті, сіз, қылмапсыз,
өйткені үйіңде бар екі бала.
Жүз қойдан жүз сексеннен қозы алсаң да,
Жетісіп таптырмапсыз жеті бала.
Достарыңызбен бөлісу: