Айтыс VI том



Pdf көрінісі
бет81/162
Дата02.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#64668
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162
Жандарбек:
уа, дидар бұл сөзіңнен қаймығам ба?!
ұқсайсың сен сертіңнен айнығанға.
түйеден түскендей қып сөз айтпасаң,
Жаркент қол соқпайды жай жырауға.
Ауылдастың аты емес ешқашанда,
Жүйрік болса озады тай құнан да.
Шашаңа шаң жұқтырмай шаба білсең,
саған ешкім демейді бәйгені алма.
сондықтан саған қатты қол соғад деп,
сен бала мұңға батып, қайғыланба.
Ақынын қолдап жатса айып па екен?!
Қызғанып, көре алмайды, әй бұлар да.
мен шапсам, құлагердей кең көсіліп,
үндемеу жараспайды Байсуанға
Құлдыраңдап құлыны топқа түссе,
Айқайлама деп жазған қай құранда?!
Жаркент келешегі жарқын қалам,
Бұл жерде тегінде осал жан тумаған.


216
Қазақ өнерінің антологиясы
Белжайлауды ен жайлап біздің ауыл,
сабасында сары қымыз сарқылмаған,
Құзарлы Арқас тауға қарап өссе,
Жан қалмас қия шыңға талпынбаған.
Бәһадүр, батырлардың мекенісің,
найзасы найзағайдай жарқылдаған.
тілімен тікен орған ақының бар,
сөздерін би түгілі хан тыңдаған.
Бура санды алысса балуандарың,
екпіңіне теңселмей тау тұрмаған,
саясында алманың тербетіліп,
Бұлбұлы дәнештерден ән тыңдаған.
тектілерді тербеткен көне бесік,
сақталыпсың қазақи қалпыңда аман.
осындай қасиетті жерде тусам,
Алланың берген сыйы бәлкім маған.
Батпағы өзіне ыстық бақаның да,
сондықтан қымбатсыңдар жалпың маған,
Ауылымның бір жұтым қара суы,
Білгенде артығырақ бал тұнбадан.
Кір жуып, кіндік кескен Жаркентімнің,
Бір уыс топырағы алтын маған.
ұлдарының талабы тау келетін,
Қыздары қыр гүліндей сәнденетін.
сүйсініп ұл- қызыңның өнеріне,
Батасын Қален сынды шал беретін.
Әйелдері ерлердің жолын кеспей,
Қара басын қадірлеп, хан көретін.
намысы нар кескендей Байсуандар,
итің жаман десе де ар көретін.
Басқаның қасқырынан артық көрем,
өзім туған ауылдың кәрі төбетін.
Бауырына жылынып Жаркентімнің,
осында ұйғыр-дүнген әлденетін.
езуінен еншісін жырып беріп,
Бұл күндері түсіп жүр әуреге тым.
Бауырына басып жатсын барлық ұлтты,
Басына ылаң салып, бәлденетін,
Кең пейіл жаны жомарт осы Жаркент,


217
Айтыс VI том
өзіне мырзалықты тән көретін.
таспен ұрып жатқанды аспен ұрып,
найзасын кезенгенге нан беретін.
Ауылымды жаңа көріп амандасқам,
сен бала қоя тұршы жан алмастан.
Ағайын, енді бермен қараңыздар,
Қай ақын топ жарар деп алаңдасқан.
Ауылда айтыс өтед дегенді естіп,
Жүкеңмен бес-алты рет хабарласқам.
Жаркенттің 80 жылдық бұл тойында,
Кіммен жұп қылады деп мазам қашқан.
Балғынбекпен шығам деп бір ойладым,
өнердің өлкесіне қадам басқан.
Күлім көз, оймақ ауыз Қарлығашты,
Қала бердім жұп қылып ала алмастан.
Жүкең маған басқа жұп таба алмапты,
мына бір қалқан құлақ, қазанбастан,
Қасыма сүйретіліп қайдан келдің,
Қорғастың камазындай товар басқан.
Дидар:
Жандарбек ауызын айға білеген ғой,
орынсыз үзеңгісін шіреген ғой.
туған жер топырағым алтын ғой деп,
өз халқынан қошемет тілеген ғой.
Астанаға оқуға кеткен едің,
дегендей ол білімге сүйенем ғой.
елді сүйсең кетер ме ең, елордаға,
Аңсап келдім дегенің құр өлең ғой.
туған жердің топырағы алтын болса,
Қолда барда қадірің білер ең ғой.
Көлден табар бақытын мына балаң,
Шөлден іздеп жаңылған шүрегей ғой.
немене тұғырыңды ұмыттың ба?!
осы елден түлеп ұшқан түлегі ең ғой.
Көртышқан да көреген өз інінде,
Бұл сөзімді құлаққа ілер ең ғой.
Шаршы алаңды шаңдатқан сәрсекбаев,
Алтыннан алқа таққан бір өрен ғой.
туған елге оралып бағы жанды,


218
Қазақ өнерінің антологиясы
өзбекті өгейсініп жүдеген ғой.
сол құсап Жаркентке қайтып келсең,
осы елдің тілеуін тілер ең ғой.
Бейжіңнен алтын алып келмесең де,
Бел жайлаудың белінде жүрер ең ғой.
товар басқан камазға теңеймісің,
Шекарадан жолымды бөгеймісің.
Камаздан қандай зиян көріп едің,
сен немене Қорғасқа өгеймісің.
Камаз болсам Жаркентті асыраймын,
Ал енді еңбегімді елеймісің.
сондықтан мына маған байланысты,
Жандарбек байсың ба өзің кедеймісің?
сүйретілген сүмелек дегеңінше,
Жаркентімді жарылқаушы демеймісің.
Жаратқан жеткізген соң нұрлы күнге,
Жаркенттің көгінен күн күлуде.
Жұдырықтай жұмылып осы тойға,
ел-жұрт болып бәріне үлгеруде.
сауық құрып Алашқа сауын айтып,
дүбірлетіп думанды дүрлігуде.
Көкталдың көк талдары ырғалады
тербеліп дәнеш салған бұлбұл үнге.
іргеңде үлкен шыған, Кіші шыған,
Атыңды асқақтатып тұр бүгінде.
саңылақ сарыбелдің сатайлары,
Баурайын Арқас таудың қылдың ірге.
үшаралың ұшырған түлектерің,
үш жүзге ортақ болып жүр бүгінде.
осы өңірді зерттеген Шоқанның да,
еңбегі жол ашады түрлі ілімге
Алтын көпір Қорғасың Қытайменен,
екі араға қатынас жүргізуде.
ырысыңның тарқамай тұрғандығы,
осы елдің ынтымағын білдіруде.
талай ұлтты басса да бауырына,
түтіні түзу ұшқан түңлігінде.


219
Айтыс VI том
Байсуаннның байлығы ақшада емес,
Балталаса бөлінбес бірлігінде.
Ақын жыры тірлікке өң береді,
Бағасын мына отырған ел береді.
Ағайын, өткен жолы Жандарбегің,
Арқаға серілік қып келген еді.
төбесіне көтеріп менің ауылым,
өз баласы секілді көрген еді.
иығына оқалы шапан жауып,
Астына ат мінгізіп, ерлеп еді.
ол аз десең күлім көз, оймақ ауыз,
Бір аруын беруге көнген еді.
Кезекпен ауылыңа мен де келдім,
төредей қып күтерсің төрде мені,
Жаз көңіл, жаны жомарт Байсуанның,
деуші еді етек-жеңі кең келеді.
Жандарбек сен де бойдақ, мен де бойдақ,
сондықтан үзеңгіміз тең келеді.
сыйға – сый, сыраға – бал деген бар ғой,
Қазақтар бұл мақалды жөн көреді.
ендеше сен тұрғанда мына досың,
несіне сұлу іздеп сенделеді,
суанның сұлу қызын сыңар қылып,
Құр алақан қайтарма сен де мені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет