Біздің ұсыныстарымыз:
1. Қазақ азаматтарының антропонимдерін бірізділеу (үлгісін бекіту)
жӛнінде қабылданған арнайы заң;
2. Қазақ
азаматтарының
антропонимдерін
құжаттарда
қазақша,
орфографиялық қателерсіз кӛрсету;
3. АХАТ (ЗАГС) орындарында арнайы қазақ тілі маманының болуы;
4. Құжаттарды ауыстыруды (кемшіліктерді түзеу мақсатында) тегін
жүргізу;
5. Ұлты қазақ азаматтардың антропонимдерінің белгіленген (бірізді)
тәртіп шеңберінде жазылуын міндеттеу;
6. Жас ата- аналарға нәрестелеріне есім таңдауына кӛмектесетін кӛмекші
құралдар басып шығаруды ұйымдастыру.
Аты- жӛн, ататегіміздің орынды қолданылып, олардың ана тілімізде
орфографиялық ереже мен нормаларға сай жазылуы адамдардың жеке қара
бастарына ғана қатысты емес, тіптен мемлекеттік мәні зор мәселе. Алайда,
қазақ антропонимдерінің дұрыс қолданылуы мен құжаттарда дұрыс
толтырылуы, тіркелуі, жазылу мәселелері ӛз шешімін тапты дей алмаймыз.
Тәуелсіздігінің
29
жылдық
мерейтойын
тойлағалы
отырған
мемлекетіміздің негізін қалыптастырушы ұлты болып табылатын
қазақтардың антропонимдерінің әлі күнге дұрыс қолданылып, дұрыс
жазылмауы, біздер үшін, жанымызға батар үлкен мәселе болып қалып
отыр.
Егер қазақ азаматтарының антропонимдерінің жазылуын тез арада қолға
алмасақ, ӛмірге келіп жатқан қаншама інілеріміз бен сіңлілеріміз орынсыз
қолданылған есімдер мен дұрыс жазылмаған (орфографиялық қателермен)
антропонимдерге ие бола бермек, ал бұл ӛз кезегінде ұлтымыздың
мәдениетінің одан әрі асқақтауына тежегіш бола бермек.
Мемлекеттік тілдің тазалығы, мәдениетінің арта түсуі, сауаттылық үшін
күрес сияқты, қазақ азаматтарының аты- жӛндерінің қолдану аясы мен
қоғамдық қызметіне, олардың сауатты жазылуына мән беру – ерекше ден
қойып, баса назар аударар мәселе. Ӛйткені адамның аты- жӛні – тарих.
Тұлғалардың есімдерінсіз тарих жасалмайды. Әлемдік қауымдастықтың
құрамдас бӛлігі болып отырған біздің – қазақтардың алдымен
антропонимдеріміздің жазылуын бір ретке келтіріп, мәдени ӛремізді
жоғары дәрежеге жеткізуіміз басты міндеттеріміздің бірінен саналмақ.
|