2.2. Қазіргі таңдағы қазақ антропонимдерінің қолданылуы ХХ- шы ғасырдың 90- шы жылдарынан бастап қазақ антропонимдерінің
қойылуында жаңа бір леп сезіледі. Ол Қазақстанның тәуелсіздік алуымен
тікелей байланысты деп ой түюге болады. Қазақ азаматтарының аты- жӛнін
жаңа ұстаным негізінде екілік және үштік антропонимиялық атау біздің
ӛңірмізде де кӛптеп кездеседі: Хуаныш Риза, Ахметжан Бейбарыс Еркінұлы,
Сауданбек Темірлан, Болатбек тегі Самат т.б. (Қосымша).
Соңғы кездердегі жаңа ұстаным тек антропонимиялық жүйелеуде ғана
емес, жеке антропонимдерді қолдануда да кӛрініс береді. Қазіргі жаңа
есімдерде бұрын өте көп қолданылатын –бай, -бек сияқты қосымшалар
сирек қолданылады. Қазіргі қойылып жүрген есімдерде тӛрт түлік малға,
жануарларға байланысты антропонимдер де сиреген. Бүгінгі күні ұл
балаларға әуезді, қысқа немесе еліктеп қойылған есімдер беріледі. Бұларға
елбасымыз сияқты кӛреген, елін ӛрге сүйрер азамат болып ӛссін деген игі
тілекпен қойылған Нұрсұлтандар, әр кездері ӛңірімізді басқарған
ағаларының есімдерімен аталған Даниялдар, Тайырлар, атақты
спортшыларымыздың есімдері берілген Бекзаттар мен Ермахандар жатады.
Қыз балаларға қойылатын есімдерде кӛп ӛзгеріс болмаса да Томирис,
Зарина сияқты бұрын ұмытыла бастаған ескі, тарихи антропонимдердің
жаңғыруы ұшырасады. Қазақ қыздарының есімдерінің қызметтік формалары
мен ерекшеліктері тілдер аясында түйісетін қос мәдениеттің әсерімен, ӛзара
әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Мәселен, қазақ әйелдері
антропонимдерінің Айжан, Гүлжан, Анар, Гүлнар т.б. ешбір қосымшасыз
келетін формаларында орыс тілінің «а» қосымшасының пайда болуын
(Гүлжана, Айжана, Анара, Гүлнара т.б.) орыс мәдениеті мен тілінің қазақ
антропонимиясына әсер етуімен түсіндіруге болады. Осы орыс тілі
формасына келтірілген қазақ әйелдерінің антропонимдерін мәдениетаралық