Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет9/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қазақ-антропонимдері

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ІІІ. Қорытынды 
Мәдени, рухани мәнділік пен құндылыққа ие антропонимдерді - 
этностың ішкі және айнала қоршаған болмысы жайлы ғасырдан ғасырға 
білім тәжірибелерінің жинақталған қоры ретінде арнайы зерттеу аса қажет. 
Антропонимия ұлттық рухани әлемді суреттейтін, терең мағыналық 
этномәдени мазмұнға ие мәдениет кеңістігінің ерекше құрылымы екендігін 
кӛрсететін уақыт туды.
Жаңа дәуірдің антропонимиялық бейнесінде, әсіресе кеңес дәуірінің 
бастапқы кезеңінде социализм мен коммунизмнің саясатына байланысты 
антропонимдерде ментальдық түсініктердің басқаша қызметі байқалады. 
Дәлірек айтқанда, қазақ антропонимиясының құрамын заман талабына сай 
жаңа есімдермен үстемелеп, байытып отыру бағыты байқалады. Соңғы 
жылдары халқымыздың талабы мен талғамының, мәдени ӛрісі мен 
дәрежесінің ӛсуіне орай ат қою мәселесі де жаңа тұрғыда, соны бағыт алып 
отыр.
Қазір, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына дейін кӛп қолданылып келген
«кӛз тимесін, балам аман болсын» деген мәнді аңғартатын, түрлі апаттардан, 
мезгілсіз ӛлімнен аман сақтайды, сондай-ақ, сұрықсыз, жаман 
антропонимдер пәлекеттен қорғайды деген ырыммен қойылатын есімдер 
қазір қолданылмайды десе де болады. Оның есесіне орыс тілінен енген, 
интернационалдық сӛздерден жасалған, КСРО халықтары тілінен енген
және қазақ сӛздері негізінде пайда болған жаңа антропонимдер кӛптеп 
қолданылады (Қосымша). Ал, біз осы құбылыстардың себебін ӛңірдегі 
шаруашылық жүргізудегі (кӛшпелі мал шаруашылығынан отырықшылыққа 
ауысу), рухани мәдениеттегі ӛзгерістермен байланыстырамыз.
Қазіргі күні ата-аналардың жас мӛлшерлерінің едәуір жасарғандығын 
да айта кету керек (ХХ ғасырдың соңы - ХХІ ғасырға дейін 40, 50 жастағы 
адамдардың ӛмірге ұрпақ әкелуі үйреншікті (кӛп кездесетін) құбылыс болса, 


қазір бұл ӛте сирек кездесетін жайт). Балаларына есімдер бергенде олар 
мейілінше әдемі, кӛп кездеспейтін антропонимдерді пайдалануға тырысуы, 
бұрыннан келе жатқан антропонимдердің қолданыстан шығып, олардың
орнына жаңа, түрлі ӛзгерістерге түскен формаларының пайда болуына, басқа 
тілдерден енген есімдердің кӛбеюіне әкеліп соғуда. Бұл кӛрініс ары қарай 
жалғаса берер болса, енді аз уақыттан кейін таза қазақ антропонимдерін тіпті 
сирек кездестіретін боларымыз сӛзсіз. 
Қазақ антропонимдерін саралай келе, уақытпен, ӛмір сүру ортасымен, 
тарихи оқиғалармен байланыстылығы басқа этностармен салыстырғанда 
қазақтардың антропонимиясында жақсы кӛрініс бергендігіне кӛз жеткіздік. 
Ал, славян халықтарының антропонимдерінде үлкен ауытқулар мен 
ӛзгерістер кездеспейді.
Қазіргі таңда ең ӛзекті мәселеге айналып отырған түсініспеушілік - қазақ 
тектерінің (фамилияларының) жазылу тәртібінде бір ізділіктің болмауы. 
Соның салдарынан қазіргі таңда әркім ӛзінің тегін қалауынша жаздыруда. 
Кӛпшілігі ӛз тектерін патшалық Ресей кезінде қалыптасып, кеңестік кезеңде 
жалпыға бірдей міндетті енгізілген –ов, -ова, -ев, -ева, -ин, -ина, т.б. 
қосымшалары арқылы қолданса, енді біреулер –ұлы, -тегі т.б. 
қосымшалармен, енді біреулер ешбір қосымшасыз жаздыруда. Қазақ 
азаматтарының аты- жӛнін жаңа ұстаным негізінде бір ізділеуге қазір назар 
аудармасақ, ертеңгі күні осы саяси маңызы бар мәселені (антропонимдердің 
қолданылу формаларын) бір ізге түсіре алмай қалуымыз да мүмкін. Мысалы, 
біздің сыныбымыздың тізіміне (құжаттары бойынша) кӛз жүгіртер болсақ, 
тіпті 2000-2001 жылдары туған балалардың құжаттарында кеткен 
қателіктердің де ӛте кӛп екендігіне (тегін, әкесінің атын жазуда бірізділіктің 
жоқтығы, кейбір қазақ есімдерінің Адильхан , Ержигит, Асем, Асет, Жания, 
Умит, Тамирлан, Гульдана деп қате жазылуы) кӛз жеткіземіз . 
Сондықтан қазақ антропонимдерін жазудың белгіленген тәртібін енді 
кӛпке созбай енгізуіміз қажет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет