Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері


ІІ бөлім  2.1. Кеңестік кезендігі қазақ антропонимдерінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қазақ-антропонимдері

ІІ бөлім 
2.1. Кеңестік кезендігі қазақ антропонимдерінің ерекшеліктері 
Қазақстанның жергілікті тұрғындары – қазақтардың кеңестік кезеңге 
дейінгі антропонимдерінің белгілі бір категориясына адам есімінің сиқырлы 
күшке деген сенімі тән болып келді. Мұның ӛзі қазақ антропонимдерінің 
белгілі бір «қорғаушы» типінің пайда болуына әсер етті.
Ғ. Мүсіреповтың «Ұлпан» повесіндегі лингвомәдени бірліктерді зерттеген 
Снасапова Г.Ж. мұндай есімдерге келесі тұрғыда сипаттама береді: 
«Қазақтардың балаға ат қоюында белгілі бір ырымдардың негіз болуы сӛздің 
құдіретті күшіне сенуді кӛрсетеді: Жаманбала, Күшікбай, Салбыр, Итаяқ, 
Сағал, т.б. есімдер «кӛз тимесін, балам аман болсын» деген мәнді аңғартса, 
Тілеуімбет, Тілеміс, Тұрлыбек, Ұлболсын, Сағындық, Ұлпан т.б. ұл күту, 
бала тілеу тәрізді тілек мәнді семантиканы білдіретін антропонимдер» [6,22]. 
Қазақтар сәтті таңдап алынған сәби есімі оны ӛмірде кездесетін түрлі 
апаттардан, мезгілсіз ӛлімнен аман сақтайды деген ырымға сенетін болған. 
Мәселен, Мыңжасар, Жүзбай, Ӛмірұзақ т.б. Сондай-ақ, сұрықсыз, жаман 
антропонимдер пәлекеттен қорғайды деген ырыммен: Байпақбай, Жаман, 
Жаманбай, Жыланкӛз т.б. есімдерді сәбилеріне қойып отырған. Жүргізілген 
сауалнамада қазіргі таңда жаңа туған сәбиге мұндай есімдер берілгендігі 
кездеспеді, бірақ олар тегін (фамилиясын) білдірген кездері баршылық: 
Итаяқовтар, Жаманбаевтар, Мүсәпіровтар т.б. 
Кӛшпелі ӛмірдің ерекшеліктеріне, медицинаның жеткілікті дәрежеде 
болмауы себепті қазақ отбасыларында шала туылған балаларға Шалабай, 
Шалабек, Лекер деген есімдер берілген. Егер отбасында қыз кӛп болса, 
келесі туылған қызға Жаңыл, Жаңылған, Ұлболсын есімдері қойылатын 
болған, мұның ӛзі болашақта ананың қыз туудан жаңылсын, ұл тусын деген 
ниеттен келіп туындаған. Қазақ қыздары мен әйелдері арасында ер 
адамдардың есіміне ие болғандар да жиі кездеседі. Мұның ӛзі де ендігіде ұл 


туылса екен деген ниеттен туындаған. Алтай, Болат, Қанапия сияқты ер 
есімдері берілген қызды ерте жасынан ұл балаша киіндірген, шашын 
тақырлап алдырып, ер балалармен ойнатып, кәмелетке толғанша ұл қылып 
ӛсірген. Қазіргі таңда бұл құбылыс біздің ӛңірде кездеспейді деуге болады.
Ӛңіріміздің 
антропонимдерінің 
кейбірінің 
қолданылуы 
түрлі 
кезеңдердегі кӛзқарастар мен тарихи оқиғаларға байланысты ӛзгерістерге 
түскен немесе мүлдем құрып кеткен. Рухани мәдениеттегі ӛзгерістер 
антропонимдер жүйесінде кейбір есімдердің ӛзгеше түрленуіне әкелген. 
Т. Жанұзақов бұл жӛнінде былай деп жазады: «Кеңес дәуіріндегі қазақ 
антропонимиясы құрамында қазіргі тұрмысты, ғылым, техника, мәдениеттің 
дамуын бейнелейтін кӛптеген жаңа сӛздер пайда болды. Біздің қазіргі 
ӛмірімізге сәйкес келмейтін кейбір есімдер қолданыстан шығып 
қалды»[7,21-22]. 
Кеңес дәуірінде қазақ антропонимиясында (әсіресе, кӛп ұлтты Ақмола 
облысы ӛңірінде) келесі сипаттағы жаңа есімдер пайда болды:
I. 
Орыс тілінен енген есімдер Алексей, Андрей, Аркадий, Александар, 
Ждан, Борис, Анна, Александра, Валентина, Галина, Нина, Мария, 
Рая, Рада, Светлана т.б. 
II. 
Интернационалдық антропонимдер: Август, Артур, Эдуард, Диас, 
Карл, Марат, Спартак, Сократ, Жанна, Анжела, Анелия, Клара, 
Эльмира, Роза, Софья т.б. 
III. 
Орыс және интернационалдық сӛздерден жасалған: Генерал, Маршал, 
Октябрь, Совет, Съезд, Фермахан, Колхозбек, Совхозбек, Армия, 
Солдатбек, Ким, Мэлс, Мая, Мирагүл т.б. 
IV. 
КСРО халықтары тілінен енген есімдер: Арсен, Абрек, Тайыр, Тарас, 
Ғабдолла, Салауат, Альфия, Бэла, Зухра, Лола, Лана, Диляра т.б. 
V. 
Қазақ сӛздері негізінде пайда болған антропонимдер: Әдебиет, 
Ауданбек, Мәдениет, Ӛндіріс, Талап, Кеңес, Жігер, Бейбіт, Жеңіс, 


Майдан, Нұрлан, Серік, Мұрат, Сәуле, Арна, Бейбіткүл, Мейрамгүл, 
Әсем, Жанар т.б. 
Жоғарыда келтірілген мысалдардан кӛріп тұрғанымыздай, халық пен 
қоғамның мәдени және әлеуметтік ӛмірі тарихи антропонимия жүйесінде 
де бейнеленеді. Мәдени, рухани және идеологиялық кӛзқарастардың 
алмасуы ұлттық антропонимдердің белгілі бір типтерінің ауысуына ықпал 
етеді әрі соның себебі болып табылады. Мәдениет диахрониялық (уақытпен 
байланысты) тұрғыда болады., ол синхрондық тұрғыдан алғанда түрлі 
уақыттың кӛп қабатты жасалуын білдіреді. Оның қабаттары немесе 
қатпарлары тарих, археология, тіл білімі, этнография т.б. ғылыми 
пәндерге, түрлі әдістер мен тәсілдерге бӛлінеді. Хронологиялық тұрғыдан 
этностың рухани және мәдени тарихындағы түрлі кезеңдерінен бастау алып 
дамитын түрлі мәдени кезеңдерін бӛліп кӛрсетуге болады. Ономастиканы 
лингвистикалық пән ретінде қарастырып отырып, А.В.Суперанская: «... 
оның қоғамдық мәдени тарихымен байланысына ерекше назар аудару 
қажет деп атап ӛтеді» [8,11]. 
Азамат соғысы, Кеңес ӛкіметінің орнауы кезеңдерінен соң жаңа 
антропонимдер: Кеңес, Армия, Мэлс, Теңдік, Тыныштық, Социал т.б. 
дүниеге келсе, индустрияландыру, ұжымдастыру саясаттары нәтижесінде: 
Ӛндіріс, Бірлік, Мәдениет т.б., Ұлы Отан соғысынан соң Жеңіс, Майдан, 
Талғат т.б. есімдері кӛптеп қолданысқа енді. Тіпті кейбір 
антропонимдердің ұлға да, қыз балаға да қойылғандығы кездеседі (Жарқын, 
Қуаныш, т.б.).
Антропонимдердің бірліктерінің түрлі типтері мен категорияларының 
мәдениетпен байланысы және ӛзара әрекеті әр түрлі болып келеді, бірақ 
міндетті түрде онда ӛзіміз байқағандай, хронологиялық аспект болады. 
Әр халықтың ӛзіндік қайталанбас ерекшеліктері, яғни ұлттық, этникалық 
реңк болатындығы белгілі. Ұлттық есімдер ұлттық мәдениет 
ерекшеліктерін білдіреді, мұндағы бір есімдерде ұлттың тарихи болмысы 


айқын кӛрінсе, ал басқаларында оның қарқыны нашар болады, алайда оны 
жасаған немесе қолданушы халықтың мәдениетімен байланысы жоқ 
антропоним табыла қоймайды. Ұлттық антропонимдердің бойында алуан 
түрлі тарихи- мәдени ақпарат жинақталған. Бұл туралы Ю.К.Юркенас: 
«...антропонимдер ӛзіндік бір мәдени мәтін ретінде қабылдануы тиіс»,- деп 
тұжырымдайды [9,5]. 
Сондай-ақ, антропонимдердің қалыптасуына әсер ететін шаруашылық 
жүргізу тәсілі, рухани және материалдық мәдениет ерекшеліктері арқылы 
берілетін ұлттық мәдени ерекшелігіне этностың ӛмір сүру ортасының әсері 
мол. Сондықтан болар ХХ ғасырдың 60 жылдарына дейінгі Ақмола ӛңірі 
антропонимдерінде географиялық терминдердің: Адырбай, Кӛлбай, 
Орманбек, Есіл, Есілбай т.б.; тӛрт түлікке байланысты: Қозыбай, 
Құлыншақ, Қазтай, Қаратай, Ботакӛз; аң- құспен байланысты: Марал, Аққу, 
Түлкібай, Қоянбек, Арыстан, Қаршыға т.б. кӛптеп кездеседі. Бұл дегеніміз, 
халқымыздың табиғатпен, қоршаған ортамен терең үндестікте ӛмір 
сүргендігінің айғағы.
Тарихи 
ӛткен 
кезеңдерде 
барлық 
қазақ 
лингвомәдени 
қауымдастығындағыдай, біздің ӛңірде де, кісіні атаудың тіптен басқа 
формасы болған: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бӛгенбай , Шорманның 
Мұсасы, Бекбау бин Ертай т.б. Қазан тӛңкерісінен соң Қазақстанда 
кӛпшілік қабылдаған үш мүшелік (аты+ әкесінің- ич, -овна – ға аяқталған, + 
-ев, -ов, -ин, -ева, -ова, -ина –ға аяқталған фамилиясы) толық 
антропонимиялық формула ӛзіндік мәні жӛнінен тұлғаны атаудың 
орыстандырылған формасын қолдану жаппай қолданысқа енді.
Ал, орыс халқының осы кездегі антропонимдерінде үлкен ӛзгерістер 
болған жоқ. Кӛне орыс дәуіріндегі антропонимиялық жүйеде ӛзекті болып 
табылған кейбір ментальдік түсініктер қазіргі таңда ескіріп, есім беру 
процесінен алынып тасталынған. Оған дәлел микроӛріске енгізілген орыс 
есімдері: Кривощек, Новожил, Лютый, Непомнящий, Гордый т.б. кӛне орыс 


дәуірінде кеңінен қолданылған болса, қазіргі кезде осындай ат қоюлар 
мүлде кездеспейді. Олар тек орыс фамилияларының түп негізі ретінде 
қолданылады[8,15].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет