Қазақ антропонимдерінің әр кезеңдерде өзгерістерге түсуінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата03.02.2023
өлшемі220,16 Kb.
#65101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
қазақ-антропонимдері

интерференция деп атауға болады. 
Қазіргі күнде қазақ антропонимиясында тілек- есімдер (ата-анасының ӛз 
сәбиіне ұзақ ӛмір, бақыт, байлық, батырлық, ержүректілік, сұлулық т.б. 
жақсы қасиеттер тілеу ниетінен) де кӛп кездеседі. Олар: 
1) бақытты, бай болу ниеті: Бақыт, Ораз, Ырысты, Байбол т.б. 
2) күшті, ержүрек болсын деген тілекпен: Арыстан, Жолбарыс, 
Алпамыс т.б. 
3) нәзік, сұлу болсын деген тілекпен: Сұлу, Айсұлу, Шолпан, Әйгерім, 
Жамал т.б. 
4) ұзақ ӛмір сүрсін деген тілекпен: Ӛмірзақ, Мыңжасар т.б. 
5) сыпайы, мейірімді болсын деген тілекпен: Жібек, Мейірман
Жомарт, Қайырлы, Шапағат т.б. 
6) ақылды, есті болсын деген тілекпен: Дана, Ақылбек, Есбай, 
Ақлима, Ақылжан т.б. 
Қазіргі кездегі жаңа туған сәбиге есім беруде жас әке- шешенің шешуші 
рол атқарғандығынан болар, жаңа қазақ антропонимдерінде ӛзгеріске түскен, 
басқа ұлттардан енген – кірме есімдерді кӛптеп кездестіреміз. Бұның басты 
себебі қазіргі отбасыларындағы бала санының шектеулі болуынан. 
Отбасында дүниеге келген бала сол күннен бастап тек әке- шешесінің 
тәрбиесіне ӛтуінен. Ал, ертеде сәбиге ат қою үлкендердің: ата-әжесінің, ауыл 
ақсақалының, қала берді сәбидің құлағына «азан айтып» ат қояр молданың 
еншісінде болып келген, үлкендердің тәрбиесінде болған. «Атасы мен 
әжесінің баласы» есептеліп, ӛзінің туған әке- шешесін «аға», «жеңге» 
санағандар кӛптеп кездесетін.
Қазіргі күні ата-аналардың жас мӛлшерлерінің едәуір жасарғандығын 
да айта кету керек. Балаларына есімдер бергенде олар мейілінше әдемі, кӛп 
кездеспейтін антропонимдерді пайдалануға тырысуы, бұрыннан келе жатқан
антропонимдердің қолданыстан шығып, олардың орнына жаңа, түрлі 


ӛзгерістерге түскен формаларының пайда болуына, басқа тілдерден енген 
есімдердің кӛбеюіне әкеліп соғуда.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет