№2(78)/2015 Серия педагогика



Pdf көрінісі
бет64/185
Дата04.02.2023
өлшемі4,99 Mb.
#65135
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   185
Жобаның мақсаты — Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы 
НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастық байланысы негізінде білікті педагогикалық кадрларды 
дайындауда жоғары педагогикалық білім беру жүйесіне дуалды оқытуды ендіру жəне жүзеге 
асырудың теориялық-əдіснамалық негіздерін анықтау, əдістемесін жасау. 
Жоғары педагогикалық білім беруде дуалды оқытуды жүйесін ендіру жағдайында «Мектеп — 
ЖОО — Зияткерлік мектеп» интегративті байланысын орнату үшін жоғары оқу орнының базасында 
«Педагогикалық шеберлік» орталығы ашылады, «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» 
3 + 1 білім беру бағдарламасы жасалынады. Болашақ педагогтар жоғары білім берудің бакалавр 
деңгейінің 1–3 курстары теориялық білім алуға, соңғы курсы толықтай практикаға арналады. 
Жобаны мақсатына қол жеткізу үшін төмендегідей əдістер пайдаланылады: тұлғаны 
дамытуға бағытталатын оқытудың Кембридж əдісі, интерактивті əдіс, рефлексия, миға шабуыл, 
психологиялық-педагогикалық тренингтер.
Жобаның міндеттері: 
1. «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» білім беру бағдарламасын жасау; 
2. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз қаласындағы НЗМ-нің инновациялық 
ынтымақтастық байланысының моделін жасау, интегративтік əдіснамасын айқындау жүзеге асыру 
тетіктерін анықтау. 
3. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы Назарбаев 
Зияткерлік мектебі базасында инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру, қолдану, 
насихаттау жəне орта білім беретін мектептерде НЗМ-нің озат іс-тəжірибесін пайдаланудың 
жолдарын ашу; «Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысын орнату. 
4. Қазақстан Республикасының жоғары білім беруде дуалды оқыту жүйесін ендіру мен оны 
жүзеге асырудың əдістемесін жасау. 


Педагогикалық кадрларды дайындауда… 
Серия «Педагогика». № 2(78)/2015 
115 
Күтілетін нəтижелер:
1. Педагогикалық жоғары оқу орны мен НЗМ-нің инновациялық ынтымақтастық 
байланысынының интегративтік теориялық-əдіснамалық негіздері анықталады. 
2. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы НЗМ базасында
инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру жəне орта білім беретін мектептерде НЗМ-нің 
озат іс-тəжірибесін тиімді пайдалану үшін «Жоғары оқу орнында дуалды білім беру жүйесі» білім 
беру бағдарламасы жасалынады. 
3. НЗМ-нің іс-тəжірибесін енгізуге арналған аймақтық «Педагогикалық шеберлік» орталығы
ашылады.
4. Жоғары оқу орнының базасында дуалды білім беру жүйесін ендіру арқылы НЗМ-і базасында
инновациялық іс-тəжірибесін үйрену, зерттеу, ендіру, қолдану, насихаттау жəне орта білім беретін 
мектептерде Назарбаев Зияткерлік мектебінің озат іс-тəжірибесін пайдаланудың жолдары ашылады; 
«Мектеп — ЖОО — Зияткерлік мектеп» əдістемелік-желілік байланысы орнатылады. 
5. Қазақстан Республикасының жоғары білім беруде дуалды оқыту жүйесін енгізу мен оны 
жүзеге асырудың əдістемесі жасалынады. Осы жобаны жүзеге асыру барысында педагогикалық 
жоғары оқу орнының студенттері мемлекеттік практиканы НЗМ базасында өтеді, оның теориялық 
бөлімін НЗМ оқытушылары дəріс оқып, НЗМ-нің іс-тəжірибесін енгізуге арналған аймақтық 
«Педагогикалық шеберлік» орталығы ашылады.
Жоо-ның студенттері НЗМ-де жұмыс жасап жатқан шетелдік ғалымдардың өзінен дəріс алады; 
екіншіден, болашақ педагогтар теорияда алғанын НЗМ-нің тəжірибесінен өткізе алады; үшіншіден, 
осы дəріске жоо-ның мұғалімдері мен жалпы орта білім беретін мұғалімдері де қатыса алады; 
төртіншіден, On-line режимінде өзара əдістемелік көмек, ақпарат, тəжірибе алмасуға толықтай 
мүмкіндік туады; бесіншіден, болашақ мұғалімдер, жоо-ны оқытушылары шетелдік ғалымдармен 
бірлесе білім сапасын арттыруда инновациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол 
ашылады. 
Қойылған мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей əдіс-тəсілдер пайдаланылады. 
Зерттеу нəтижелерін өлшеу, анықтау жəне тіркеу үшін эмпирикалық əдістер қолданылады. Ол үшін 
хронометраж бақылау, алынған фактілер мен жағдаяттарды талдау, əңгімелесу жəне сұхбаттасу, 
педагогикалық құжаттарды талдау жəне іс-əрекет нəтижесін бағалау, педагогикалық тəжірибиені 
жалпылау, салыстырмалы педагогикалық жəне əлеуметтік педагогикалық əдістер, педагогикалық 
тестілеу, педагогикалық эксперимент жəне т.б. əдістер пайдаланылады.
Сондай-ақ жоба аясында алынған мəліметтерді өңдеудің статистикалық əдісі пайдаланылады: 
сапалық ранжирлеу, корреляциялық əдіс, факторлық анализ, математикалық-статистикалық əдістер, 
бағалау, диагностикалау жəне сапалық жүйелеу, топтастыру, синтездеу, бағалау, педагогикалық 
талдау жəне т.б.
Осы аталған əдістердің ең тиімдісі интерактивті əдістері: рефлексия, өзіндік рефлексия, миға 
шабуыл, оның ішінде психологиялық-педагогикалық тренингтер, себебі креативті тұлғаны 
қалыптастыру мəселесі жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Ұсынылған əдістеменің артықшылығы 
сол — қойылған мақсатқа жету үшін отандық жəне шетелдік педагогиканың қол жеткен жетістіктерін 
озық тəжірибелерін пайдаланған жөн. Атап айтқанда, тұлғаны қалыптастыру процесі заман талабына 
сəйкес өзара бірлікте өзгеріп отырады жəне бұл процесс ұдайы өзгерісте болады. Осыған сəйкес 
оқытудың əдіс-тəсілдері де өзгереді. Сондықтан дəстүрлі əдіс-тəсілдерді қолдану нəтижесінде қол 
жеткен əдіс-тəсілдер инновациялық бағытта үнемі жетілдіруді қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   185




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет