13
Ағузы. Араб тіліндегі «ذاع» (ъаза) «сыйыну», «сақтану» етістігінің бірінші
жақ, осы шақтағы формасы ذوعأ «ағузу». Яғни мен шайтанның азғыруынан қашып
Аллаһқа сыйынамын, шайтанның бәлекетінен сақтанамын. Ислам әдебі бойынша,
Құранды тиләуәт етуді бастағанда алдымен «Ағузу билләһи минәш-шайтанир-ра-
жим» (Мағынасы: қуылған шайтаннан сақтанып, Аллаһқа сыйынамын) деп айту
керек. Себебі «Нахл» сүресінің 98-аятында «Һәм қашан Құран оқысаң, Алланың
атымен қуылған шайтаннан сақтан»деген бұйрық бар. Имам-молдалар мен дін қы-
зметкерлері өздерінің уағыз-насихаттарын жүргізуді бастар кезде де осы тіркеспен
бастауды дәстүрге айналдырған.
Ауызекі тілде, діни
және әдеби шығармаларда
осы тіркесті қысқартып «ағузу билләһ» (Аллаһпен сақтанамын), «ағузу» (сақтана-
мын) деп қолдану жиі кездеседі. Адамдар бір нәрседен үрейленген, қорыққан кезде
және бір жиіркенішті істі не затты көргенде де дұға ретінде осы сөзді қолданады.
Қазақ әдебиетінде бұл сөздің түпкі мағынасы кеңейіп, жалпы Құран оқу, дұға жасау
деген мағыналарда да қолданылады.
«Ордан өтіп, топырақпен дәрет алды да қайтадан там алдына кеп тізе бүгіп,
өз білгенінше ағузуны тартып шықты» (А.Нұрманов, Құлан).
«Хакім әкесінің сол жағынан құлыптасқа қарап көк шөптің үстіне жүгініп
отыра қалды да, ағузуну тартты» (Х.Есенжанов, Ақ Жайық).
Осы екі сөйлемдегі «ағузу» сөзі «Құран оқу» деген мағынада қолданылып тұр.
«Шынында да, ағузудан артық айтарлық жайлары да жоқ еді»
(А.Тоқмағамбетов, Әке). Бұл сөйлемде «ағузу» сөзі «дұға жасау» деген мағынада
қолданылған. Қазақ тіліндегі «ағузу»сөзінің мағынасы араб тіліндегі түпкі мағына-
сына қарағанда кеңейіп, жаңа мағыналарға ие болғандығын байқауға болады. Алай-
да бұл сөздің қазақ тіліндегі «Құран оқу», «дұға жасау»
деген мағыналарының
ауызекі тілде сирек қолданылатындығын байқауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: