14
терімен тапқан адал еңбекақысы», ерлі-зайыптыларға қатысты «адал жар»,
біреуге
жақсы жолдасты тілеген кезде «Құдай адалынан жолықтырсын» деген сияқты сөз
тіркестерінің қатарында кездеседі.
«Алла адалынан жолықтырғай,
Жан болса езу тартқан дос дей бердім.
Дос та – дос, туған да – дос, діндес те – дос,
Түбінде зарарсызды шын дос көрдім» (С.Дөнентаев, Шығ.).
Осы тіркестердің арасындағы «еті адал мал» ұғымы да ислам шариғатымен
тікелей байланысты. Ислам дінінде малдың не құстың еті адал, шариғаттың талап-
тарына сай жеуге жарамды болу үшін белгілі бір шарттар қойылады. Осы шарттарға
сай келетін және шариғат көрсеткен жолмен бауыздалған малды «еті адал», «жеуге
жарамды» деген атаулармен атайды. Қазақ халқының бойында осы ұғым терең сің-
ген.
Оны әдеби шығармалардан, күнделікті өмірден жиі кездестіруге болады.
«Шалажансар ыңқылдап жатқан бір жылқыны еті адал болсын деп, біреу пы-
шақпен шалып тастады» (Ө.Күмісбаев, Тіршілік).
Он бес томдық сөздікте «адал» сөзі қазақ тіліне араб тіліндегі لداع «адил»
сөзінен енген деп көрсетілген. Біздің пайымдауымызша, бұл сөз қазақ тіліне араб
тіліндегі للاح «халал» сөзінен енген және белгілі бір фонетикалық өзгерістерге ұшы-
рап, қазақ тілінің төл сөзі ретінде үндестік заңына бағынып, түпкі дыбысталуынан
алшақтаған.
Достарыңызбен бөлісу: