Мухитдинов на печать indd


Ифтар راطفإ – ауыз ашар. Ораза ұстаған адамның күн батқаннан кейін та- мақтануы. Ифта



Pdf көрінісі
бет100/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Ифтар راطفإ – ауыз ашар. Ораза ұстаған адамның күн батқаннан кейін та-
мақтануы.
Ифта. Шариғи үкімді, пәтуаны жазбаша немесе ауызша тұрғыдан жауап беру 
(http://fatua.kz). 
Ифтираш شارتفا – намазда оң аяғын тік ұстап, бармақтарын құбылаға қара-
тып, сол аяғын төсеп, соның үстіне отыру. Бұлай отыру фиқһ ғылымында «ифти-
раш» деп аталады.
Ихрам مارحإ – шектеулер немесе тыйымдар аймағына кіру. Яғни басқа уақыт-
та рұқсат етілген амалдардан белгілі ғибадатты өтеу барысында тыйылу. Мысалы, 
кімде-кім намазға тәкбиратул-ихрам (алғашқы тәкбір) айтып кірсе, оған ішіп-жеу, 
сөйлеу, күлу секілді намаздан тысқары уақытта рұқсат етілетін әстерге тыйым са-
лынады. Сол секілді кімде-кім қажылық ғибадатына ихрам етіп, тәлбия айтып кір-
се, оған әйелімен жақындасу, тігілген киім кию, аң аулау сияқты қажылық кезінде 
тыйым салынған нәрселерді істеуге болмайды.
Ихрамкиімі – қажылық не умра өтеуші ер адам оранатын арнайы киімнің 
атауы. Ол – екі тігілмеген ақ матадан үлкен сүлгі секілді екі ақ мата. Оның бірімен 
кіндіктен төменгі дене мүшесі оралады, ол «изар» деп аталады. Ал екіншісімен 
кіндіктен жоғарғы дене мүшесі жабылады, ол «рида» деп аталады. Әйел адамдар 
ихрам киімін кимейді. Олар ихрам хәліне өздерінің күнделікті киімімен өтеді.
Ихрам кию – ихрам киімін кию.
Ихрамға кіру – қажылық өтеушінің қажылық, умра не оның екеуін де орын-


136
дауды ниет еткенін жариялап, ихрам киімін киюі және сонымен қатар белгілі бір 
тыйымдар мен шектеулерге байланысты жағдайға енуі.
Ихсан ناسحإ – жақсылық жасау. «Ихсан» сөзі араб тілінде істі жақсы орындау, 
игілік істеу, жақсылық жасау дегенді білдіреді. Шариғатта адамның діни парызын 
орындауда адалдық танытуы және рия атаулыға жол бермеуі, өзін Аллаһтың көріп 
тұрғанын сезіне орындауы «ихсан» деп аталады.
Ихсар راصحإ – шектеу, қалағанына жетуге кедергі келтіру. Шариғатта қажылық 
немесе умра жасау үшін ихрамға кірген адамның қажылығын немесе умрасын 
аяқтамастан, ихрамнан шығуға мәжбүрлеген жағдай «ихсар» деп аталады. Мыса-
лы, жау, ауруға шалдығу, шекарадан өткізбей қою және т.б. осындай халге душар 
болған адамды «мухсар» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет