133
Истинжә ءاجنتسا – дәрет сындырғаннан кейін, денеден шыққан нәжістің ор-
нын сумен не шариғат рұқсат берген затпен тазалау. Фиқх ілімінің «Дәрет» та-
рауында қолданылатын термин. Шариғатта истинжә құралы ретінде су, тас, ке-
сек немесе әжетхана қағазы сияқты нәжісті өзіне сіңіріп алатын кез келген затты
қолдануға болады. Тек сүйек пен малдың тезегін пайдалануға тыйым салынған
(Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истинзәһ هازنتسا – дәрет сындырғанда киімді, денені нәжістен, әсіресе зәрдің
шашырауынан сақтау (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истиншақ قاشنتسا – оң қолмен мұрынға су алып барып, оны демменен ішке
тартып, сосын сол қолмен сіңбіріп тастау (Р.С. Мухитдинов, Фиқһ әл-ғибадат).
Истисқа ءاقستسا – қуаңшылық кезде Аллаһтан жаңбыр жаудыруды тілеп жа-
мағатпен оқитын екі ракағатты намаз. Ол қазақ тілінде «тасаттық» деп те аталады.
Истифта ءاتفتسلاا араб тілінен аударғанда «пәтуа сұрау» дегенді білдіреді. Ша-
риғатта белгілі бір мәселенің діни немесе шарғи үкімін
жауапты мамандарынан
сұрау деген мағына береді.
Истихада (истихаза) ةضاختسا – нифас және хайыздан басқа уақытта әйелдерге
келетін қан. Оны «бұзылған қан» деп те атайды. «Истихада» сөзі араб тілінде «ағу-
дың жалғасуы немесе үзілмеуі» деген мағына береді. Шариғатта: әйел адамдарда
етеккір және нифас кезінен басқа уақыттарда қан келу, яғни қанның мезгілсіз келуі.
Ол көбінесе әлде бір сырқат себебінен болады және ол құрсақтан емес, тамырдан
ағады.
Истихара ةراختسا – істің жақсылығын, игілігін сұрау. «Истихара»
сөзі араб
тілінде жақсылықты сұрау, жеңілдетуді талап ету деген мағынаны береді.
Достарыңызбен бөлісу: