Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет99/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Истихләф فلاختسا – намазда имам болып тұрған адамға бір еркінен тыс жағдай 
болғанда, орнынан имамдыққа басқа біреуді өткізу. «Истихләф» сөзі араб тілінде 
«ізбасарды талап ету» деген мағына береді.
Истихсан ناسحتسا – Араб тілінде «истихсан» бір нәрсені жақсы деп есептеу 
деген мағынаны береді. Ал шариғатта мужтаһид ғалымның бір мәселеде арнайы 
(жеке) дәлелге сүйене отырып, соған ұқсас мәселелерге берген үкімінен басқа 
үкім шығаруы. Негізі ғұламалар «Аллаһ сендерге жеңілдік қалайды және сендерге 
ауыр лық қарамайды» («Бақара» сүресі, 185-аят) деген аятқа сүйеніп, кейде мұсыл-
мандарға ауыр тиетін болса, көзге анық көрініп тұрған қиястың орнына жасырын 
тұрған, байқала бермейтін дәлелге сүйеніп, истихсанмен амал жасайтын болған. 
Мысалы, жыртқыш құстардың қалдық суы қияс бойынша жыртқыш аңдардың 
қалдық суларының үкімі тәрізді болуы керек. Өйткені жыртқыш аңдардың және 
құстардың етін жеуге болмайды. Ал жыртқыш аңдардың қалдық суы таза емес. 
Егер жыртқыш құсты осы негізде жыртқыш аңға теңесек, онда жыртқыш құстың 
қалдық суы да таза болмауы тиіс. Бірақ құстың аңнан айырмашылығы аңның суды 
сілекейімен былғайтындығын, ал құстың тек тұмсығын салып, сілекейімен суды 
былғамайтындығын ескеріп (арнайы немесе жеке дәлел деген осы), жыртқыш құс- 
тың қалдық суы нәжіс емес, бірақ күмәнді болғандықтан макруһ деген.


135
Итағат ةعاطإ – бойсұну, шариғат заңдарына бағыну.
Итминан نانئمطا – намаз оқыған кезде әр қимылды асыптай, байыппен толық 
орындау.
Ифада тауабы ةضافلإا فاوط – қажылықтың парыз тауабы. Ол «зиярат тауа-
бы» немесе «парыз тауабы» деп те аталады. Бұл – қажылық кезінде міндетті түрде 
орындалуы керек амал. Өйткені ол – қажылықтың парызы. Ифада тауабының уақы-
ты құрбан айт күнінің таңы атқаннан басталып, өмірінің соңына дейін жалғасады. 
Бірақ оны айт күндері өтеу – уәжіп.
Ифрад دارفإ – қажылықты өтеудің бір түрі. Қажылықтың бұл түрінде умра жа-
самастан бірден қажылық жасау үшін ихрам халіне өтеді. Қажылықтың бұл түрін 
өтеген адамға құрбандық шалу міндет емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет