Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет98/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Истихара намазы ةراختسلاا ةلاص – Аллаһтан екі істің қайырлысын сұрап, сәлем 
бергеннен кейін истихара дұғасын оқитын екі ракағатты нәпіл намаз. Истихара на-
мазы – адам харам емес бір іске кірісер алдында, сол істің жақсылығын сұрап не-
месе екі істің біріне таңдау жасауға шешім қабылдай алмай тұрған сәтте Аллаһтан 
ең қайырлысын сұрап оқитын намаз. Егер мұсылман харам емес бір амалды істе-
гісі келсе, бірақ ол істің өзіне пайда не зиян екендігіне анық көзі жетпесе, оған 
екі ракағат истихара намазын оқу – мандуб. Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларға исти-
хараны Құран аятын үйреткендей үйрететін. Истихара намазын оқығаннан кейін 
Аллаһтан бір аян келіп, анық нұсқау беріледі немесе түс көреді деп түсіну дұрыс 
емес. Асылында, истихара намазын оқығаннан кейін Аллаһтың көмегімен жағдай 
анықталуы мүмкін, болмаса адам өз көңіліне басымырақ түскен ойымен амал жа-
сауға кіріседі.


134
Истихара дұғасы. Жәбир ибн Абдуллаһ (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһтың елшісі (с.а.с.) бізге барлық жағдайда оқылатын истихараны Құранның 
бір сүресін үйреткендей үйретіп: «Сендердің біреуің бір істі істегісі келсе, пары-
здан бөлек екі ракағат намаз оқысын және: «Аллаһуммә инни әстахирукә биъил-
микә, уәс-тақдирука биқудратикә, уә әс-әлукә мин фадликәл-ъазыйм, фә-иннака 
тақдиру уә лә әқдир, уә тәъләму уә лә әъләму, уә әнтә ъалләмул-ғуйюб. Аллаһуммә 
ин кунта тәъләму әннә һәзәл-әмра хайрун ли фи дини уә маъаши уә ъақибәти әмри 
(фи ъажилиһи уә әжилиһи), фәқдурһу ли уә яссирһу ли суммә бәрик ли фиһ. Уә ин 
кунтә таъләму әннә һәзәл-әмра шаррун ли фи дини уә маъаши уә ъақибати әмри 
(фи ъажилиһи уә әжилиһи) фәсрфһу ъанни уәсрифни ъанһу уәқдур лил-хайри хайсу 
кәнә суммә ардини биһ», – деп дұға оқысын», – деді», – деген (Сахих әл-Бұхари). 
Мағынасы: Уа, Аллаһ! Сенің іліміңе сеніп, Өзіңнен маған осы істің қайырлысын 
білдіруіңді сұраймын. Және құдіретіңе сүйеніп, Өзіңнен күш және тағат тілеймін 
және Сенің ұлы кеңшілігіңнен сұраймын. Өйткені Сенің құдіретің әр нәрсеге же-
теді, менің күшім жетпейді, Сен білесің, ал мен білмеймін, сондай-ақ Сен ғайып 
нәрселерді білесің. Уа, Аллаһ! Егер осы істің (не іс екенін айту керек) менің дініме, 
өмір сүруіме және (жақын арада және келешекте) болатын істерімнің соңына (яғни 
Ақыретіме) қайырлы екенін білсең, оны маған нәсіп ет, оны жеңілдет және оның 
берекесін бер. Ал егер осы істің менің дініме, өмір сүруіме және (жақын арада және 
келешекте) болатын істерімнің соңына зиянды екенін білсең, оны менен, мені одан 
аулақ қыла гөр әрі оның орнына одан қайырлысын нәсіп ет және сонымен мені разы 
қыла гөр. Егер бұл дұғаны жатқа білмейтін болса, оның орнына өзі толық білетін, 
осы дұғаның мағынасына жақын басқа дұғаны оқуға да болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет