137
К
Кифая парыз. Парыз кифая.
«Шейіттен басқа барлық мәйітке ғұсыл құю – мұсылмандарға кифая парыз»
(Мұхитдин Исаұлы,
Қайрат Жолдыбай, Ислам ғылымхалы).
Кәлам. Сөз.Алла тағаланың сифат субутия деген жеті сипаты.
Әуел – хаят яғни тірі-ді, біздің ақылымыз жетпейтін тірлікпен алим болушы-
ды, құдірет күш иесі-ді, жоқтан бар етуге һәм бардан жоқ етуге күші жетуші, самғ
естуші-ді, бізге рәуішті құлақпен емес, басар көруші-ді, бізге рәуішті көзбен емес,
ирадат тілеуші, яғни әуелде өзі тағдыр еткен нәрсесін тілеген уақытында дүниеге
шығарушы, такуин жоқтан бар етуші-ді, кәләм сөйлеуші-ді, біздің ақылымыз жет-
пейтін сипатпен, бірақ бұл сөйлеу бізге рәуішті тілмен, әріппен, дауыспенен емес
(А.Мұқашева,
Ыбырай Алтынсарин, Өмірі мен шығармалары).
Кәлам ілімі. Кәлам ғылымы. Ақида ілімінің бір атауы. Бұл атау Алла таға-
ланың «кәләм» сипаты төңірегінде туындаған түрлі
пікірлердің себебінен пайда
болған.
Алғашқы кәламшылардың көзқарастары бойынша, кәлам ғылымының тақы-
рыбы «Алла тағала Оның иләһи сипаттары» болды (Қ.Ержан, Ислам ақидасы).
Кәламшы. Кәлам ілімінің маманы.
Алғашқы кәламшылардың көзқарастары бойынша, кәлам ғылымының тақы-
рыбы «Алла тағала, Оның иләһи сипаттары» болды (Қ.Ержан, Ислам ақидасы).
Бұл кәламшылар көне кәламшылардың көптеген тақырыбын зерттеп, кәлам
тақырыбы «бар болған бүкіл болмыс» деді (Қ.Ержан, Ислам ақидасы).
Достарыңызбен бөлісу: