Мухитдинов на печать indd


Мәшә Аллаһ الله ءاش ام – сүйсіну сөзі. Мағынасы: «Аллаһтың қалағаны!» Мәшһәр әл-харам



Pdf көрінісі
бет128/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Мәшә Аллаһ الله ءاش ام – сүйсіну сөзі. Мағынасы: «Аллаһтың қалағаны!»
Мәшһәр әл-харам.
«Айт күні оныншы күн құрбан айда, 
Байлықтан хаж бармаған көрмес пайда. 
Оқыдың таң намазын сарғайтпастан
Машһүрүк харам деген абзал жайда» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Мәшһур روهشم – танымал, атақты. Хадис ілімінде екеуден көп адам риуаят 
еткен хадис «машһур» деп аталады. Оны кейде «мустафид» деп атайды. Бұл хадис 
көп таралғандықтан, «мәшһур» деп аталады. 
Мешіт دجسم – Аллаһқа құлшылық ету үшін салынған ғимарат. «Мәсжид» دجسم 
сөзі араб тілінде «сәжде жасайтын орын» деген мағынаны береді. Сондықтан кейде 
намаз оқитын жердің барлығы «мәсжид» (сәжде орны) деп атала береді. 
Мешіттің сәлем намазы. Тахият әл-мәсжид دجسملا ةيحت ةلاص – мешітке кірген 
кезде оқылатын, екі ракағатты намаз. Оны қазақ тілінде «мешіт ақысы» деп те атай-
ды. Ол намазды сүннет намазымен немесе парыз намазымен бірге ниет етіп оқуға 
да болады. Күніне бірнеше рет мешітке кіріп-шығатын кісі мешіттің сәлем намазын 
бір рет оқыса жеткілікті. Бірақ ол мешітке әр кірген сайын оқыса, сауабы көбірек 
болады. Ол намаз оқу мәкруһ болған уақыттарда оқылмайды. 
Әбу Қатада әс-Сәләми (Аллаһ оған разы болсын): «Аллаһ елшісі (с.а.с.): 
«Егер сендердің біреулерің мешітке кіретін болса, отырмастан бұрын екі ракағат 
оқысын», – деді», – деген (Сахих әл-Бұхари).
Миғраж جارعم – Мұхаммед пайғамбардың исра түні көкке көтерілуі. Бұл ту-
ралы «Исра» және «Нәжм» сүрелерінде айтылған. Бұл оқиға һижрадан бір жарым 
жыл бұрын Мекке қаласында болған. Қара: исра.
Мизан таразы نازيملا – Қияметте адамдардың жақсы және жаман амалдары 
тартылатын таразы.
Микайл لئاكيم ،لياكيم – Аллаһтың табиғат заңдылықтарын бақылап тұратын 
періштесі.
«Керейдің төрт биі: Көкен, Бейсенбі, Құлыбек, Топан деген адамдар. Құнан-


171
бай Керейдің төрт би сайлағанын дәріптеп былай депті: Құдайдан түскен үлкен 
кітап төртеу еді: Таурат, Забур, Енжіл, Құран. Құдайдың ең жақын періштесі төртеу 
еді: Жабырайыл, Ғазырайыл, Ысрафил, Микайыл. Мұрсал пайғамбарлар – Құдай-
дың ең жақын досы – төртеу еді: Мұса, Дауыт, Ғайса, Мұхамбет. Мұхамбет пайғам-
бардың серігі – төртеу еді: Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, Ғали. Ислам дінін таратқан 
имам төртеу еді: Ахмет, Мәлік, Шайхи, Ағызам» («Жұлдыз» ).
Миқат تاقيم . Миқат – қажылық рәсімдерін бастау үшін ихрам халіне өтетін 
орын. Қажылық жасау ниетімен Меккеге бағыт алған адамдар осы орындарға жет-
кенде, күнделікті киімдерін шешіп, ихрам киімін киіп, қажылық рәсімдерін орын-
дауды бастауға ниет етулері керек. Қажылар миқаттан өткеннен кейін тәлбия ай-
туды бастайды. Миқаттың саны бесеу: 1. Шам (Сирия, Палестина, Ливан және 
Иордания) тұрғындары және сол тараптан қажылыққа келе жатқандар үшін миқат – 
Жухфа. Ол Рабиғ қаласына жақын жерде орналасқан. Қазіргі кезде Жухфа ауылының 
жойылуына байланысты қажылар Рабиғ қаласынан ихрамға кіреді.2. Нәжд (Сауд 
Арабиясының шығыс аймағы) тұрғындары және сол тараптан қажылыққа бағыт 
алғандар үшін миқат – Қарнул-мәнәзил. Қазір бұл жер Сәйлул-кәбир деп аталады.
3. Йемендіктер және сол тараптан қажылыққа келе жатқандар үшін миқат – Яләм-
ләм. Ол Мекке қаласының оңтүстігінде орналасқан.4. Мәдина тұрғындары және сол 
тараптан қажылыққа келе жатқандар үшін миқат – Зул-Хуләйфа. Ол Мәдина қала-
сының оңтүстігінде, оған жақын орналасқан. Қазір ол жер Әбиар-Әли деп аталады.
5. Ирак тұрғындары және сол тараптан қажылыққа келе жатқандар үшін миқат 
– Зәту Ирқ. Жоғарыда аталған елдер мен қалалардан және сол жолдармен өтетін 
басқа жерлерден келген умра не қажылық өтеушілер осы миқаттарды ұстануы тиіс. 
Ал кімде-кім аталған миқаттардың Мекке жағында, яғни ішкі жағында тұратын 
болса, өз үйінен ихрам халіне кіреді.Ибн Аббас (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын): 
«Аллаһ елшісі (с.а.с.) Мәдина тұрғындары үшін Зул-Хуләйфаны, Шам тұрғында-
ры үшін Жухфаны, Нәжд тұрғындары үшін Қарнул-Мәнәзилді, Йемен тұрғындары 
үшін Яләмләмді миқат етіп: «Ол (миқаттар) – сол жердегілер үшін және сол жер-
лерге келіп, қажылық не умра жасауды қалаған басқалар үшін. Оларға жетпейтін 
жерде тұрғандарға(Миқаттың ішкі жағында, яғни Мекке жағында тұратындар үшін 
ихрамға кіретін жерлері тұрғылықты жерлері болып есептеледі) ихрамға тұрған 
жерінен кіреді. Сол секілді Мекке тұрғындары сол жерден (яғни Меккеден) ихрамға 
кіреді», – деді», – деп айтқан (Сахих әл-Бұхари).Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) 
риуаят етілген хадисте Аллаһ елшісі (с.а.с.) Ирак тұрғындары үшін Зәту Ирқты 
миқат еткен (Сунан Әбу Дауд).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет