180
Мустахаб ّبحتسم – істесе сауап алатын, істемегені үшін еш айыпталмайтын,
шариғат құптаған, дәрежесі жағынан сүннеттен төмен келетін амал.
Мустахраж جرختسم – шығарылған. Хадис ілімінде «мустахраж»
деп хадис
кітаптарының бірінің хадистерін басқасәнадтармен риуаят етуді атайды. Екінші сә-
надтағы шейхпен алғашқы сәнадтағы хадисті риуаят еткен шейх немесе сол шейх
хадис риуаят еткен рауи бір адам болуы мүмкін.
Мустадрак (мустәдрак) كردتسم. «Мустадрак» сөзі араб тілінде «ұмытылып,
ескерілмей кеткен нәрсені еске түсіру» деген мағынаны береді. Хадистерді жи-
наған ғалымдардың барлығының өзіне тән хадис жинауда шарттары болған. Осы
жинақтарда ескерілмей кеткен, бірақ автордың жинақта талап еткен шартына сай
хадистерді басқа бір ғалым жинақтап жазса, оның жазған кітабын «мустадрак» деп
атайды. Мысалы, әл-Хаким ән-Нәйсәбуридің имам әл-Бұхари мен Муслимнің са-
хих кітаптарында ескерілмей кеткен, екеуінің шарттарына тура келетін хадистерді
жинаған «نيحيحصلا ىلع كردتسملا» «Мустадрак ъала әс-Сахихайни» кітабы.
Достарыңызбен бөлісу: