Мухитдинов на печать indd


Миләди (милади) يدلايم – қараңыз: м.ж. Милләт



Pdf көрінісі
бет129/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Миләди (милади) يدلايم – қараңыз: м.ж.
Милләт. Міллет ةلم – үмбет, дін. Бір сенімді ұстанатын көптеген адамдар жа-
мағаты. 
«Кәсібі Имам Ағзам сауда қылмақ, 
Оны да кем берді деп еттік өсек. 


172
Және де түк білмеген надан қояр, 
Міллетке пайда беріп сөйлемесек» (Ә.Найманбаев, Шығармалары).
Миль ليم – арабтарда бір миль екі шақырымнан сәл ғана кем.
Мина ىنم – қажылар түнейтін және шайтанға тас ататын Мекке сыртындағы 
аймақ. 
«Күн шықпай Мина барып даярландың, 
Бір-бір қой қажы басы сатып алдың» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 
Минбар (мінбер) ربنم – мешітте имам үстіне шығып құтпа оқитын биік орын.
Мирас ثاريم – қайтыс болған адамның мұрагерлеріне қалдырған байлығы.
Мирас ілімі ثاريملا ملع – мирасқа қалған байлықты мұрагерлерге үлестіруді 
зерттейтін шариғаттың бір саласы. Бұл ғылым «илм әл-фараид» (ضئارفلا ملع) деп те 
аталады.
Мирасқор – мұрагер, мұраға қалған дүниеге құқылы адам.
Миск كسم – хош иісті жұпар.
Мисләһу هلثم – сол сияқты, сол секілді, соған ұқсас. Хадис ілімінде бір сәнад-
тың мәтіні келесі бірсәнадтың мәтініндей болса, осы сөз қолданылады.
Мисуак. Мәсуәк. كاوسم – мия (арак) ағашының бұтақтарынан жасалатын тіс 
тазалаушы құрал. Оны ұшын шайнап, қабығын кетіріп, тіс тазалауға пайдаланады. 
Мұхаммед пайғамбар : «Мисуак пайдалану пайғамбарлардың сүннетінен», – деген. 
«Жаңа дәрет алғанда 
Сәждеге басын салғанда 
Аузыңа салған мәсуәк 
Ағаш емей арқан ба?» (Бес ғасыр.).Қара: сиуак.
Миун (жүздік) – аяттар саны жүзге жететін яки соған жуық болатын сүре-
лердің жалпы атауы. Ғалымдар Құран кәрімдегі сүрелерді төрт түрге бөлген. Олар: 
тиуал (ұзын), миун (жүздік), мәсәни (қайталанушы) және муфассал (бөлшектелін-
ген). Қара: муфассал, мәсәни және тиуал (Р.С. Мухитдинов, Құран ілімдеріне 
кіріспе).
Михраб. Құлшылық ететін орын, мешітте имамның тұратын жері. 
Құран кәрімде: «Сонда Зәкәрия қауымына михрабтан шығып, оларға: «Таңер-
тең және кешке Аллаһқа тәсбих айтуды ишарат етті (ымдады)» – деген («Мария» 
сүресі, 11-аят).
Молда. Молла. Дін қызметкері. 


173
«Молдалар азан айтқанда, 
Бинамаз ұйықтап жатқанда, 
Ақ сәлделі бір адам 
Жетіп келді қасына, 
Таянып келді басына» (Батырлар жыры). 
«Таң сарғайып атқанда, 
Молдалар азан айтқанда, 
Сайын сынды батырдың 
Желкесі жерге тақ етті, 
Маңдайы күнге жарқ етті» (Батырлар жыры).
«Ахирет жолын білсін деп, 
Беріп едім молдаға. 
Ат қызығын көрсін деп, 
Мінгізіп едім жорғаға. 
Артында қолған сол залым 
Қылмады дұға молама. 
Не жазығым бар еді, 
Жасаған Жаббар құдаға!» (Кердері Әбубәкір, Қазағым). 
«Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса, 
Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса. 
Молла есімін алған жан толып жатыр, 
Не керек ғылым бойға жұға алмаса» (Шал ақын, Өлеңд.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет