Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет131/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Муғауама саудасы ةمواعم عيب – жеміс ағаштарының өнімін екі, үш немесе 
одан көп жылға сату. Сауданың мұндай түріне тыйым салынады. Ибн Мунзир және 
басқалар ғалымдардың бұл жөнінде ортақ пікірге келгендерін айтқан. Аталмыш 
тыйымның себебі, мұндай жағдайда сатып алушы алды беймәлім тауарды сатып 
алады. 
Муғаууазәтәни ناتذوعم – екі сақтандырушы. «Фалақ» және «Нас» сүрелерінің 
атауы. Қазақша «екі сақтандырушы» деп атуға болады. Бұл екі сүрені адам ауырған 
кезде, көз тигенде, назарланғанда, сиқырланған кезде оқуға болады.
Муғаууизат تاذوعم – Құранның «Ықылас», «Фалақ» және «Нас» сүрелерінің 
жалпы атауы. Бұл сүрелер де көз тигенде, дуаланғанда, сиқырланғанда оқылады.
Муғжиза (мұғжиза) ةزجعم – табиғат заңына бағынбайтын керемет. Аллаһ 
тағала адам баласына жіберген әрбір пайғамбарға адамдар алдында өзінің пайғам-
бар екендігін дәлелдейтін, басқа адамдардың қолынан келмейтін және адамдардың 
санасында табиғат заңдарына бағынбайтын бір керемет істерді береді. Осы керемет 
істер «муғжиза» деп аталады. Мысалы, Аллаһ тағала Сүлеймен пайғамбарға бар-
ша жаратылыстың тілін түсіну, жел мен жындарды басқару муғжизасын берген. 
Мұса пайғамбарға аса таяғын жыланға айналдыру, қолын қойнына салғанда аппақ 
болып кететін керемет муғжиза берсе, Иса пайғамбарға адамдарды кез келген ау-
рудан емдей алатын емшілік қасиет пен адамдарды қайта тірілту муғжизасын бер-
ген. Ал Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) айды екіге бөлу, саусақтарының арасынан 
судың шығуы, жеген тағамына берекенің даруы секілді көптеген муғжиза берген. 
Бірақ Аллаһ тағаланың Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) берген ең үлкен муғжизасы – 


175
Құран кәрім кітабы. Аллаһ тағала Құран кәрім кітабының тілін керемет етіп, араб- 
тар ғана емес, өзге тілді халықтардың да жүректерін жаулап алатын қасиет берген 
және бұл кітапқа ақырет күніне дейін басқа кітаптар секілді өзгертулер кіргізуді 
мүмкін емес еткен.
Муғтәзилә ةلزتعم – Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбардың хадис- 
терін ақылдың негізінде түсіндіруге тырысатын ағым. «Муғтазилә» – араб тілінен 
шыққан сөз, «оқшауланған», «бөлінген», «бөлініп шыққан» және «жырақтанған» 
деген мағыналарды береді. Бұл ағымның негізі Әмәуилер халифаты тұсында қа-
ланғанымен, Аббасилер халифаты тұсында саяси биліктің көмегімен қанатын кең 
жаяды және өз пікірлерін басқаларға мәжбүрлеп таңуда күш қолданады. Муғтазит-
тердің шығу тарихына қатысты ортақ пікір жоқ. Ғалымдар түрлі ұстанымда. Кейбір 
ғалымдар мұғтазиттер Али ибн Әбу Талиб сынды жақтастарының арасында пайда 
болды. Алидің ұлы Хасан әкесі қайтқан соң, билік тізгінін Муғауияның қолына өз 
қалауымен тапсырады. Сөйтіп, оның жақтастарының арасынан саясаттан біржола-
та қол үзіп, ақида-сенім мәселесімен айналысуға бет бұрғандар шығады. Олар өз-
дерін «муғтазилә» атаған», – дейді. Кей ғалымдардың мұғтазилиттер туралы тұжы-
рымдары төмендегідей: Олар Хасан мен Муғауияның жақтастарына қосылмай, 
бөлініп, мешіттен шықпай құлшылық ететін, діни мәселелерді зерттеумен айналы-
сатын топқа айналады. Айталық, Уасил ибн Ата атты ғалым атақты табиғин Хасан 
әл-Басримен «Үлкен күнә жасаушы адам мұсылман ба, кәпір ме?» деген мәселеде 
келісе алмай, дәрісіне қатысудан бас тартады. Өз алдына жеке дәріс ұйымдасты-
рып, «муғтазилә» атанған. Сондықтан да болар, муғтазила ағымының негізін Уасил 
ибн Ата қалаған деп есептеледі. Алайда көрнекті ғалым Рамадан әл-Бути муғта-
зиләнің негізі тағдырды теріске шығарған Мағбат әл-Жуһаниден басталады дейді
(Р.С. Мухитдинов, http://maturidi.kz). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет