Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет159/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Әс-Сәбғ әл-мәсәни (әс-сәбғул-мәсәни) يناثملا عبسلا – екі рет түскен жеті аят. 
«Фатиха» сүресі атауларының бірі. Сүре Құран нұсқаларында Меккеде түскен деп 
көрсетілгенмен, тәпсір кітаптары мен хадистерде Мәдинада түскен деп айтылады. 
Сондықтан да, ол осылай аталған.
Әс-Сағир ريعسلا – тозақтың бір аты.
Сәжде. Сәжда ةدجسلا ،دوجسلا – намаз оқыған кезде маңдайды, мұрынды, екі қол-
ды, екі тізені және екі аяқтың басын жерге тигізе еңкею. «Сәжде» сөзі араб тілінде 
мойынсыну, бағыну, маңдайын жерге тигізу деген мағыналарды қамтиды. 
«Түзеткен Бекшора хан Әбименен, 
Біледі балиғ түгіл сәбименен. 
Сәждеде бір Аллаға тағат қылған 
Хисапсыз ғалымдары кәріменен» (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
«Жаңа ғана кекірт мінез көрсетіп, тіпті өзін сұлтан деп атауға арланған ке-
руеншілердің сәждаға құлағандай мына жатысы күлкілі көрінген» (М.Мағауин, 
Аласапыран).
Сәжде аяты ةدجسلا ةيآ – оқығанда не естігенде тіләуат сәждесі уәжіп саналатын 
Құран аяттары. Құран кәрімнің он төрт жерде сәжде аяты бар.
Сәйиб بيث – бұрын үйленген адам. Бұл термин зина жасаған адамға үкім 
шығаратын кезде ер кісі мен әйел адамға бірдей қолданылады.
Сәимә ةمئاس – жылдың көп мезгілінде өз тұяғымен қорегін тауып жейтін мал. 
Яғни өріске шығып, уақыттың көп мезгілінде жайылымда жүретін мал.
Сәйфуллаһ (Сейфуллаһ) – Аллаһтың қылышы. Көреген қолбасшылығымен 


208
даңқы шыққан сахаба Халид ибн Уәлидтің (Аллаһ оған разы болсын) лақап аты. 
Оған бұл атты Мұхаммед пайғамбардың өзі берген.
Сәкинә ةنيكسلا – тыныштық, жүрек тыныштығы, жан рақаты.
Сәқаләни نلاقثلا – адамзат пен жын. Аллаһ тағаланың сансыз жаратқан жа-
ратылыстарының арасында адамзат пен жынға қалау еркіндігі берілген және осы 
екеуі істеген істеріне Қиямет күні жауап беретін болады. Сондықтан оларды «сәқалә-
ни» (екі аурытпалық) деп атайды.
Сәләт. Намаз.Намаздың өзі араб тілінде صلاة «салаһ» деп аталады. Бұл сөз 
араб тілінде «дұға» деген мағынада қолданылады. Құран кәрімде: «Оларға дұға 
қыл. Өйткені сенің дұғаң – олар үшін бір тыныштық» («Тәубе» сүресі, 103-аят), – 
делінген. Осы аяттағы «дұға» және «дұғаң» сөздері араб тілінде «салаһ» сөзімен 
берілген. Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.): «Кімде-кім тамаққа шақырылса, егер аузы 
ашық болса, жесін, ал егер аузы берік болса (яғни ораза ұстаған болса), дұға етсін», 
– деген (Әт-Табарани).
«Бүгінгідей мерекелі, салтанатты күні сәләтқа енген, қымбат шапан, жасыл 
сәлделі діндар мұсылман атаулы құлақтан шымырлай кіріп, сүйек балқытқан әуезді 
үннен соң, тәкпірде тұрған беттері екпеттей жығылуға шағын қалған» (М.Мағауин, 
Аласапыран).
Сәләф فلسلا – Исламның алғашқы үш буын өкілдері. Олар: сахабалар, та-
биғиндер және табиғиндердің шәкірттері. «Сәләф» сөзі араб тілінде «бұрынғы», 
«алдынғы өткен» деген мағыналарды береді. 
«Сәләф имамдардың ұстанымы тафуид болып табылады, себебі олардың ба-
сым көпшілігі тафуид жасаған, бірақ кейбір мәселелерде тауил жасаған. Ал хәләф 
имамдардың ұстанымы тауил болып табылады, себебі басым көпшілігі тауил жа-
саған, бірақ тафуид жолын ұстанғандары да болған. Қалай болғанда да тафуид пен 
тауилдің екі жаққа да қатысы бар, әһлү-сүннет уәл жамағат ұстанымы болып сана-
лады» (Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы). Қара: халәф.
Сәлбия. Сәлбие. Ақида ілімінде қолданылатын термин. Алла тағалаға тән 
адам баласының бойында жоқ, ерекше, құдіретті қасиеттер дегенді білдіреді.
«Және кітапта сәлбие сипаттары деген болады. Олар: ұйықтамайды, өзгер-
мейді деген сықылдылар» (Ш. Құдайбердіұлы, Мұсылмандық шарты).
Сәлде – ер кісілердің бас киімі, ол басқа оралатын матадан тұрады, шалма. 
«Молдалар азан айтқанда, 
Бинамаз ұйқтап жатқанда, 
Ақ сәлделі бір адам 
Жетіп келді қасына, 
Таянып келді басына» (Батырлар жыры).


209


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет