Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет156/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Салауат айту – Аллаһ тағаладан Пайғамбарымыздыперіштелер арасында 
мақтауын сұрау.
Салих حلاص – жарамды. Салих – сахих және хасан хадистердің іске жарам-
дылығын ескере отырып екеуіне бірдей қолданылатын термин. Кейде көңіл бөлі-
нетін хасан хадис пен дағиф хадистің арасындағы дәрежеде тұратын дағиф неме-
се хасан ли ғайриһи хадис те «салих» деп аталады. Яғни хасан хадистен дәрежесі 
төмендеу амал етуге жарамды хадистің дәрежесі.
Самиғоллаһу лимән хамидә (Аллаһ мақтағанды естіді). Намазда рукуғтен 
тұрғанда оқылатын дұға. 
«Сармолла осы сырттағы халық арасында болып, мешіт ішінде қарт имам 
бастаған намаздың әр кезек «тәкбир-таһлилін» сыртта ұйыған саптарға, ашық үн-
мен әсемдей ескертіп тұр: «Аллаһуәкбар!», «Самиғоллаһу лимән хамидә!», «Әсса-
ламуағалайкум уарәхметолла» деген ауық-ауық намаз бөлімдерін дауыстап, сырт-
тағы қауымды іштегі михраптағы имамның намазына қалт еткізбей ұйытып тұрды» 
(М.Әуезов, Абай жолы).
Самғият. Ақида ілімінің Ақыретті зерттеуге арналан саласы. Бұл саладағы 
мәліметтерді біз өзіміздің сезім мүшелеріміз арқылы анықтай алмаймыз және олар-
дың ақиқатына тек сол туралы жеткен мәліметтердің шынайлығын зерттеу арқылы 
қол жеткіземіз. Сондықтан да бұл сала «самғият» деп аталған. «Самғият» сөзі араб 
тілінде «есту арқылы қол жеткізілген» деген мағынаны береді. 
«Самғият – ақыреттану ілімі, адамзат баласына беймәлім, ақыретте орын 
алатын тылсым жәйттар мен жаратылыс жұмбағы жайлы Хақ Елшісінен (оған 
Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жеткен иләһи хабарларды қарастырады» 
(Р.Батталұлы, Құран эгзегетикасы).
Самуд دومث – Салих пайғамбардың қауымы. 
Сапа. Сафа төбесі. Қажылық пен умра жасаушылар үстіне шығып дұға жа-
сайтын төбенің аты.
«Меллайын, ехзирайын зиярат қып
Жүгірдің Мәруа, Сапа арасында. 
Бардыңыз түйе мініп Арафатқа
Жүрмейді ешкім мініп ол жерде атқа. 
Бесін мен намаздыгер қосып оқып
Үйдің ондағы көп жамиғатқа» (Ақан Сері Қорамсаұлы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет