207
Сахих лизәтиһи هتاذل حيحصلا – өздігінен сахих хадис. Сахих хадис шарттары-
ның барлығы бір риуаяттың бойынан табылса, ол хадис «сахих лизәтиһи» деп ата-
лады.
Сахих хадистің шарттары حيحصلا ثيدحلا طورش. Хадис сахих болу үшін мынан-
дай бес шартты қамту керек: 1) Хадистің сәнады (тізбегі) жалғаспалы болуы қажет,
яғни үзілмеу керек. 2) сәнадтағы рауилердің барлығы әділ, сенімді болуы қажет.
3) Рауилердің есте сақтау қабілеті өте жоғары болуы тиіс. 4) Шәз (өзінен күшті
басқа сахих хадистерге қарама-қайшы мағынада) болмауы керек. 5) Хадисті әлсіз
ететін жасырын себеп не кемшілік болмау керек. Осы аталған сипаттары бар сахих
хадиске қатысты мына нәрселерді білу керек: 1) Бұл хадис Мұхаммед пайғамбарға
телінеді. Яғни бұл хадисті Аллаһ елшісінің сөзі немесе ісі деп білу. 2) Осы хадис
мансух, яғни үкімі жойылмаған жағдайда онымен амал жасау уәжіп. Ең алғашқы
тек қана сахих хадистерді Имам әл-Бұхари одан кейін Имам Муслим жинаған.
Достарыңызбен бөлісу: