Сәлем ملاسلا – амандық, есендік.
Сәлем беру ميلستلا – намаз оқыған адам намазын алдымен оңға, содан кейін
солға сәлем беру арқылы аяқтайды. Намаз оқушы бұл кезде басын оңға және солға
бұрып «Әс-сәләму аләйкум уә рахмәтуллаһ» деп сәлем береді.
Сәләм ملسلا – тауардың құнын алдын ала төлеу арқылы жасалатын сауда-сат-
тық түрі.
Сәмәуи діндер ةيوامسلا نايدلأا – көктен түсірілген діндер. Аллаһ тағала пайғам-
барлар жіберіп, белгілі бір шариғат негізінде құрылған діндер. Оған Ислам, хри-
стиан және иудаизм діндері жатады. Бұл діндер іштей екіге бөлінеді: А) Ислам;
Ә) Христиан және яһуди. Христиандар мен яһудилер «кітаб иелері» деп те аталады.
Сәмуд دومث – Салих пайғамбар жіберілген қауым. Бұл халықтан иман келтір-
мегендердің бәрін Аллаһ тағала жойып жіберген.
Сәнә, дәсәнә انثد – انث – бұл екі сөз хадистісәнадымен риуаят еткен кезде қол-
данылатын «انثدح» (хәдәсәнә), яғни «бізге айтты» сөзінің қысқартылған түрі. Кей
жерлерде «ءاثلا» (сә) әрпі түсіп қалып, «ان» (нә) түрінде қолданылуы да мүмкін.
«Сәнә» дұғасы ءانثلا ءاعد – намазда «Фатиха» сүресінің алдында оқылатын
сүннет дұға. «Сәнә» сөзі араб тілінде «мақтау», «мадақтау» деген мағыналарды бе-
реді. Тәкбиратул-ихрамнан кейін, Фатиханың алдында «сәнә» дұғасын оқу – сүннет.
«Сәнә» дұғасы: «Субханәкә Аллаһуммә уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә уә таъалә
жаддукә, уә лә иләһә ғайрук». Мағынасы: Уа, Аллаһ! Барлық даңқ пен мадақ Саған
тән! Сенің есімің берекелі, беделің жоғары әрі Сенен басқа құдай жоқ! Бұл дұға-
ны оқудың сүннет екендігіне төмендегі хадис дәлел болады: Әбу Сағид әл-Худри
(Аллаһ оған разы болсын): «Пайғамбар (с.а.с.) намазды бастаса: «Субханәкә
Аллаһуммә уә бихамдикә, уә тәбәракәсмукә уә таъалә жаддукә, уә лә иләһә ғай-
рук», – дейтін», – деген (Сунән ән-Нәсәи).
Сәнәд. Сәнад دنسلا – хадисті өзінен кейінгілерге жеткізген рауилердің тізбегі,
шежіресі, мәтінге жететін жол. Яғни хадистің Мұхаммед пайғамбардан бастап
мухаддис ғалымдарға дейінгі тізбегі немесе шежіресі. «Сәнәд» және «иснад» тер-
миндері кейде бір мағынада қолданыла береді. Екеуі де хадистің мәтінге жеткізетін
жолдары. Ал хадистің жолы дегеніміз – хадисті риуаят еткен адамдардың, яғни ра-
уилердің есімдері мен олардың арасын жалғастырып тұратын сөздер.