Мухитдинов на печать indd



Pdf көрінісі
бет170/200
Дата06.02.2023
өлшемі3,18 Mb.
#65376
түріМонография
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200
Байланысты:
ИСЛАМ ТАРИХЫ

Тасуға (тәсуға) ءاعوساتلا – ай күнтізбесі бойынша мухаррам айының тоғызын-
шы күні. Бұл күнді мухаррам айының оныншы күніне қосып ораза ұстау – сүннет.
Тасхиф فيحصت – хадисті жазу барысында сөздің қаңқасы сақталып, бірақ 
әріптің нүктелерінде кеткен қателер. «Тасхиф» сөзі араб тілінде «қате айту», «қате 
жазу» деген мағыналарды береді. Мысалы, ائيش және اتس сөздері, ليمح және ليمج сөз-
дері сияқты. Тасхиф хадистің мәтінінде және сәнадында де кездесе береді және 
есту кезі мен көру кезінде де болады. Қара: мусаххаф.
Тасхих حيحصتلا – түзеу, дұрыстау. Мирас ілімінде мәселенің негізі (асл әл-
мәсәлә) ретінде алынған ортақ санды мұрагерлер үлестері арасында дұрыс бөліну 
үшін оны түзету немесе дұрыстау «тасхих» деп аталады.
Тауап فاوطلا – Қағбаны қара тас бұрыштан бастап, сағат тіліне қарама-қарсы 
бағытта жеті рет айналу. 


222
Тауаррук كروتلا – намазда екі аяқты оң жаққа жіберіп, құйрықпен жерге 
отыру.
Тауафәл-ифада ةضافلإا فاوط – зул-хижжаның онында құрбандық шалу күні-
нен бастап қажылардың Қағбаны тауап етуі. Бұл «парыз тауабы» деп те аталады.
Тауафәл-қудум مودقلا فاوط – Қағбаға келгенде сәлемдесу ретінде жасалатын 
тауап. Бұл «сәлем тауабы» деп те аталады.
Тауафәл-уадағ عادولا فاوط – қажылардың Меккеден қайтардағы қоштасу 
тауабы.
Тауаф әз-зияра ةرايزلا فاوط – қажылықтың парыз тауабы. Қара: тауаф әл-ифа-
да.
Тауқифи іс رملأايفيقوتلا – Аллаһтың қалауымен ғана болатын, адамдардың 
шешімі араласпайтын іс.
Тауқымет – ауыртпалық, қиыншылық.
Таурат (Тәурат) ةاروتلا – Аллаһ тағаладан Мұса пайғамбарға түскен кітап. 
Таурис ثيروتلا – мирасты үлестіру.
Таурия (тәурия) ةيروتلا – сырттай жалған айтқан болып көрінгенмен, адам-
ның өзі үшін дұрыс мағынаны меңзеп айтқан, бірақ екінші адамның сұрағына басқа 
ұғым беретіндей етіп жауап беруі. Шариғатта қиын жағдайға тап болғанда таурия 
әдісін қолдануға рұқсат етіледі.
Таухидديحوتلا – Аллаһ тағаланы бүкіл әлемді жалғыз Жаратушы, Одан басқа 
құдай жоқ екендігіне және Оның есім-сипаттарында Дара екендігіне сену. Таухид 
сонымен қатар осы аталғандарда Аллаһқа ешкімді серік етпеуді, Одан басқа құл-
шылық етуге лайық тәңір жоқ екендігін де қамтиды.
Тауфиқ. Тәупық. Сәттілік. Ислам сенімі бойынша, адам ісінің жемісі Аллаһ 
тағаланың тауфиқымен, яғни сәттілікті нәсіп етуімен болады. 
«Ғибадат бізден болса да, тәупық сізден білмейім, 
Рақметті патшамсың, кешіре көр күнәйім! 
Өзің пендем демесең, пайдаға аспас құр уайым» (А.Байтұрсынов, Шығ.).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет