221
байланысты. Сондай-ақ, мүфти мустафтиге қосымша сұрақ қоя отырып та мәсе-
ленің көрінісін елестетуге қол жеткізе алады. Міне, осы кезеңде «хаср» жүзеге аса-
ды. Хаср деп баяндау процесі жүріп жатқанда өзге сауалдардан аулақ бола отырып
тек мәселеге қатысты сұрақтармен ғана шектелуді атайды. Мәселен, мустафти са-
уалынан ауытқып, өзінің жеке проблемаларын айтып кетпеуі немесе бір сауалдың
ішінде бірнеше сауал қойып кетпеуі тиіс (http://fatua.kz).
Тасборан (ражм) – адамды зина жасағаны үшін таспен атқылап өлтіру. Ис-
ламда мұндай жазаға некеде бола тұра, ойнастық жасаған еркек пен әйел ұшырай-
ды.
Тасдиқ. Тасдих.
«Дін де осы шын ойласаң, тағат та осы.
Екі дүние бұл тасдих – хақтың досы.
Осыларды бұзатын және үш іс бар:
Пайда мақтан, әуесқой – онан шошы» (Абай, Тол. жин. ).
Тасил ليصأتلا – мирасты мұрагерлердің арасында бөліске салғанда олардың
үлестерін бөліп беру үшін үлестердің әрқайсысына бөлінетін ортақ санды табу.
Тасниф. فينصت «тасниф» сөзі араб тілінде «жүйелеу», «реттестіру» деген
мағыналарды береді. Хадис ілімінде Мұхаммед пайғамбардың хадистерін тақырып-
тар бойынша тарауларға бөліп жүйелеп жинақтау жұмысы «тасниф» деп аталады.
Тәдуин – хадистердің жинақталуы болса, тасниф – жинақталған хадистерді
белгілі бір тараулар мен бөлімдерге реттеп, жүйелі бір кітап түріне келтіру (Қ.Құр-
манбаев, Хадис ілімі).
Достарыңызбен бөлісу: